Теннис: Зара Дәркен Украинадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, З.Дәркен жекелей және жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. Зара ширек финалда тартысты матчта Израиль өкілі Сапир Коэнді 6:4, 4:6, 7:6 есебімен ұтты. Бүгін ол финалға шығу үшін осы турнирдің 2-ракеткасы, ресейлік Мария Головинамен таласады. Қазақстандық теннисші жұптық сында жартылай финалда украиналық Евгения Зеленскаямен бірге корт иелері Вероника Павленко – Диана Смолинскаямен шеберлік байқасады. «Турнир мен үшін табысты өтуде. Алғашқы айналымнан бастап жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Жартылай финалда да аянып қалмаймын, жеңіс үшін барымды саламын», — деді Зара Дәркен.
-->Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, З.Дәркен жекелей және жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. Зара ширек финалда тартысты матчта Израиль өкілі Сапир Коэнді 6:4, 4:6, 7:6 есебімен ұтты. Бүгін ол финалға шығу үшін осы турнирдің 2-ракеткасы, ресейлік Мария Головинамен таласады. Қазақстандық теннисші жұптық сында жартылай финалда украиналық Евгения Зеленскаямен бірге корт иелері Вероника Павленко – Диана Смолинскаямен шеберлік байқасады. «Турнир мен үшін табысты өтуде. Алғашқы айналымнан бастап жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Жартылай финалда да аянып қалмаймын, жеңіс үшін барымды саламын», — деді Зара Дәркен.