Елорда жаңалықтары

Сенаторлар қытайлық әріптестерімен қандай мәселені талқылады?

Жоғары палата мәліметінше, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне мүше депутаттар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссия мүшелерімен онлайн кездесті. Сенаттағы салалық комитет төрағасы Әли Бектаев кездесуді аша отырып, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында саяси, экономикалық және мәдени тығыз ынтымақтастық жүзеге асып келе жатқанын айтты. «Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты байланыс достық қатынасты нығайтуда ерекше рөл атқарады. Бұл парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға, заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуды тереңдетуге өзара мүдделіліктің жоғары екенін көрсетеді», - деді Бектаев. Өз кезегінде депутат Ақылбек Күрішбаев әріптестеріне Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақстанның есебі туралы айтып берді. Ол сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін арнайы «Еңбек» бағдарламасы бар екені, онда кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқуға болатыны, өз бизнесі үшін гранттар мен микрокредиттер ала алатыны туралы хабардар етті. Ал сенатор Дүйсенғазы Мусин ауыл шаруашылығының дамуы туралы айтты. Ол ауылдық жерлерде халықтың шамамен 42%-ы тұратынын атап өтті. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты АӨК-дегі еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есе арттыру болып саналады», - деді Мусин. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының депутаттары өз кезегінде көрші елдегі ауылды дамыту және кедейлікті жою жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Әли Бектаев кездесуді қорытындылай келе, COVID-19 пандемиясының экономикалық зардаптарына, әлемдік экономикадағы құлдырауға қарамастан, біздің мемлекеттеріміз жұмыспен қамтудағы тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдап жатқан шаралары және басқа да қолдаулары ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

-->