Елорда жаңалықтары

Іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды

Polisia.kz мәліметінше, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 009 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. «2021 жылғы 7-16 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Шемонаиха полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде әйелдің Ресей азаматының төлқұжаты бола тұра, ҚР аумағына кіргенде ҚР азаматының құжатын пайдаланғанын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 496-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, сот шешімінен Қазақстан аумағынан шығарылды», – деді ШҚО көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. Бұған қоса шетел азаматтарының келгені туралы сақшыларға уақытылы хабарламағаны үшін 339 Қазақстан азаматы жауапқа тартылды. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматының еңбегін пайдаланғаны үшін 43 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. 43 шетел азаматы сот шешімімен елден шығарылды. Криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді ұстады.

-->