Елорда жаңалықтары

Үміт пен сенімнің екі жылы

Ұлттық диалогтың негізін қалады

Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президенті Тұңғыш Президенттің сабақтастық бағытын одан әрі жалғастырды. Ең бастысы, екі жылдың ішінде әртүрлі салаларды қамтыған ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Бұл реформалардың түпқазығы Қ.Тоқаевтың өзі жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы болғанын атап айтуға тиіспіз. Президенттік қызметіне кіріскен күннен бастап Қасым- Жомарт Кемелұлы еліміздегі саяси жүйені либералдандыру бағытын жариялады. Билік пен бұқараның диалогын орнатуға басымдық беріп, күш-жігерін аямай жұмсады. Ең алдымен, ұлттық диалогтың жаңа моделі – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, өзі басшылық етті. Бүгінге дейін бірнеше отырысын өткізген кеңес халықтың да, биліктің де сенімін ақтады. Осылайша ұлттық диалогтың негізі қаланды. Мемлекет басшысы өзінің саяси реформаларға қатысты бастамаларының бәрін осы алаңда жария етті. Олардың қатарына бейбіт шерулерді ұйымдастыруды хабарламалық тәртіпке көшіру, партияларды тіркеу талабын 40-тан 20 мың адамға азайту, парламенттік оппозиция институтын енгізу, Қылмыстық кодекстің 130-ыншы жала жабу туралы бабына декриминализация жасау, партиялық тізімге әйелдер мен жастарға 30 пайызға дейін квота енгізу сияқты бастамаларын жатқызуға болады. Бастысы, бұл бастамалар заң жүзінде іске асырылды. Мысалы, бейбіт шерулерді ұйымдастыру туралы заңды қабылдау арқылы қоғамның билікке деген сенімін нығайтты, бұқара мен биліктің арасын жақындата түсті. Саяси-әкімшілік реформалар нәтижесін берді Екі жылда Президенттің пәрменімен іске асырылған ауқымды реформаларды оң бағалауға тиіспіз. Мәселен, мемлекетті басқару саласында үлкен өзгерістер жасалды. Бұған мысал: 4 жаңа министрлік, 6 агенттік құрылып, саяси-әкімшілік жүйеге жаңаша серпін келді. Бұл жаңашылдық туралы саясаттанушы Андрей Чеботарев: «Саяси-әкімшілік реформалардың оң нәтижесін алда көреміз. Менің ойымша, Қазақстан ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, Сауда және интеграция министрлігін құру – аса маңызды шешім. Аталған экономикалық бірлестіктердегі еліміздің мүддесіне қатысты түйткілді мәселелермен осы министрлік айналысады. Бір кездері Энергетика министрлігінің қарамағында болған экология, геология және табиғи ресурстар саласы өз алдына жеке министрлік болып құрылды. Бұрын қарама-қайшылық болушы еді, өйткені экологияға зиян келтіретін министрліктің өзі сол мәселемен айналысты. Президент Қ.Тоқаев дұрыс, әділ шешім қабылдады» деп түсіндіреді. Белгілі саясаттанушы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттікте де осыған ұқсас жағдай болғанын айтады. «Агенттік бір жағынан азаматтарды мемлекеттік қызметке жұмысқа алса, екінші жағынан сыбайластық қылмысы үшін түрмеге отырғызды. Бұл салада да әділдік орнады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жүргізу агенттігі дегендер бұрын да болған. Алайда стратегиялық жоспарлауға қатысты реформа дер кезінде жасалды. Бұл мекеме ұлттық даму жоспарын жасады. Мемлекеттік басқару агенттігі мемлекеттік басқару саласындағы жаңа тұжырымдаманың негізін қалап, қабылдады» дейді А.Чеботарев. Мемлекет басшысы өзінің президенттік қызметіне кіріскенде айтқан: «Жемқорлық – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын нағыз жегіқұрт. Онымен бәріміз бірге күресуіміз керек. Әйтпесе ертеңгі күні кеш қалуымыз мүмкін. Бұл – қауіпсіздігімізге төнген қатер. Онымен аяусыз күресеміз. Халықтың алдында есеп береміз» деген сөзін толық іске асырды. Сынақтың бірі – індет Екі жылдан бері індеттің мемлекетке де, Президентке де үлкен сынақ болғаны рас. Төтенше жағдай кезеңінде Қ.Тоқаев төрт рет қазақстандықтарға үндеу жолдады. Мысалы, елордада екі аптада 200 орындық озық үлгідегі модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Алматы мен Шымкентте де қысқа мерзімде осындай кешендер бой көтерді. Бұл іс-шаралардың барлығы – Қ.Тоқаевтың білікті дағдарыс менеджері екенінің дәлелі. Президент өткен жылы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, қарапайым халықтың ауыр қайғысын бөлісті. Арыстағы апат пен Қордайдағы қақтығыста да халықтың арасынан табылып, түйткілді мәселелердің әділетті шешілуіне ықпал етті. Президент екі жылда көптеген әлеуметтік, экономикалық маңызы зор шешімдер қабылдады. Мысалы, шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерін үш жылға дейін табыс салығын төлеуден босатты. Қазақстандағы 1,2 млн ШОБ субъектілері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін салық төлемейді. Алдын ала есеп бойынша үш жылда кәсіпкерлер 380 млрд теңгеден аса қаражатты үнемдейді екен. Сондай-ақ ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Үкімет 700 мыңнан аса бизнес субъектілеріне салық ауыртпалығын азайтып, нәтижесінде дағдарыста 1 трлн теңге үнемделді. Президенттің пәрменімен құрылған Төтенше жағдай жөніндегі комиссия 500-ге жуық мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдады. Жалпы алғанда, Қазақстан індетпен күресуге және дағдарысқа қарсы іс-шараларға шамамен 6 трлн теңге (13 млрд АҚШ долларын) жұмсады. Әлемдегі алпауыт елдердің басшылары Қ.Тоқаевтың бұл саясатына жоғары баға берді. Әлеуметшіл Президент Президент билік тізгінін қолына алғаннан бері әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударып келеді. 2020 жылы 1 қаңтардан бастап 400 мыңнан аса отбасы табысына қарамастан әлеуметтік жәрдемақы ала бастады. Мемлекет әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға толық көмек көрсететін әлеуметтік топтаманы жүзеге асырды. Індет кезінде жұмысынан айырылған, ахуалы төмендеген 4,5 млн-нан астам қазақстандықтарға 42500 теңге жәрдемақша төленді. Президенттің тапсырмасымен жалпы берешегі 3 миллион теңгеден аспайтын 1,2 млн адамның (көпбалалы, асыраушысынан айырылған және мүгедек бала асырайтын отбасылар, жетім балалар және т. б.) несиесі кешірілді. Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы 230 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсті. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 25-30 пайызға өсті. Алдағы жылдары олар бұрынғыдан 3 есеге көп жалақы алмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) 1,3 трлн теңгені халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге жұмсайтын шешім шығарды. Президент тапсырмасы орындалды: 761 мыңнан астам салымшы өз жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алды. БЖЗҚ салымшыларының арнайы шоттарына 1,2 трлн теңгеден аса қаражат аударды. Соның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шамамен 1,187 трлн теңге, емделуге 4,6 млрд теңге жұмсалған. Жер шетелдіктерге сатылмайды Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары халықты алаңдатқан жерді шетелдіктерге сату, жалға беру деген мәселеге нүкте қойды. Жер сату мен жалға беру мәселесі біздің қоғамда соңғы кездері қызу талқыланды. Президент «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп мәлімдеп қана қойған жоқ, «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жекеменшікке және жалға беруге тыйым салынады. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйегінде саяси реформалардың екінші топтамасын жария етті. Бұл топтамада ауыл әкімдерін сайлау, адам құқықтарын қорғауға қатысты бірнеше баптар бар. Биыл елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. «ҚР-дағы сайлау туралы» жаңа заң қабылданған соң, еліміздегі 836 әкім тікелей дауыс беру тәсілімен сайланады. 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл мәселеге қатысты саясаттанушы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров әкімдерді сайлау институтының енгізілуі экономикалық, әлеуметтік өзекті мәселелерді тездетіп шешуге ықпал ететінін айтады. «Қазір еліміздегі билік бұтақтарының арасындағы байланыс орнықты. 2024 жылы ауыл әкімдерін сайлайтын күнге жетеміз. Біз саясат тек қалаларда жасалады деп ойлаймыз, бірақ ол, негізінен, өңірлерде жүргізіледі. Өйткені еліміздің өңірлері көп. Көптеген мәселелер жүйелі жолмен шешілмей келгені рас. Ендігі кезекте әкімдерді сайлау, жергілікті өзін-өзі басқару институтының енгізілуі бұл кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Әрбір реформаның өзінің нәтижесін беретін кезі болады» дейді ол. Бұдан бөлек, жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы жасалып, «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылданады. Офлайн-петициялардың бірыңғай институты құрылады. Сенімге лайықты коммуникатор Президент Қ.Тоқаевтың әлеуметтік желілер арқылы қараша халықпен қарым-қатынас жасауға ерекше назар аударатынын жақсы білеміз. Әсіресе, жоғарыдан жедел шешім қабылдау қажеттігі туындаған кездерде Мемлекет басшысы бірден үн қосады. Мұны түсінгісі келмейтін кейбір сарапшылар «Президентке қатысы жоқ жерлерге де араласады» деп негізсіз сынайды. Керісінше, іс орнынан қозғалып, бір шешімін табуы үшін Президент араласуы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі кездегі саяси трендтері – сенімге лайықты басшы, коммуникатор, әділдік жолындағы күрескер. Бұл турасында қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Зарема Шаукенованың пікірі мынадай: «Қ.Тоқаевтың ел басқару стилінде мынадай трендтерді анықтадық: мәмілегер, реформатор, сенімге лайықты басшы, коммуникатор, әділдік жолындағы күрескер. Біріншіден, Президент – қиын жағдайларда тез шешім қабылдай білетін және елдің алдында жүретін тиімді дағдарыс менеджері. Бұған Арыстағы апат кезінде бүкіл қазақстандықтардың көзі жетті. Екіншіден, Президенттің бастамалары мен тапсырмалары оның мемлекеттік саясаттағы жағымды өзгерістерге дайын екенін көрсетеді. Үшінші қасиеті – саяси тәжірибесінің молдығы, ғылыми-сараптамалық қабілетінің болуы жұрттың Мемлекет басшысына деген сенімін арттыра түседі. Төртінші қасиеті – қоғамның ой-пікіріне үнемі ашық, қолжетімді көшбасшы. Мысалы, әлеуметтік желілер арқылы Президент халықты ел өміріндегі айтулы жаңалықтармен жедел хабардар етіп отырады. Бесіншіден, азаматтардың мүдделерінің теңгерімін сақтай білетін, ұлттық байлығымыздың әділ бөлінуіне жақтасатын төреші». Сыртқы саясаттағы сабақтастық Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Ақордадағы баспасөз мәслихатында айтқан: «Сыртқы саясаттағы ең басты қажет нәрсе – сабақтастық. Өйткені ішкі саясатпен салыстырғанда сыртқы саясаттың өлшемі, бағасы бөлек. Мысалы, бір құжаттағы кеткен қателікті ішкі саясатта түзетуге болады, сыртқы саясатта олай емес» деген сөзін қаперінен шығармай, сабақтастық пен мәмілегерлік саясатын қатар ұстанды. Әсіресе, біздің көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен татулық және ынтымақтастық қарым-қатынасымызды одан әрі жалғастыруға күш-жігерін аямай жұмсады. Интеграция – күрделі құбылыс. Президент мәмілеге қол жеткізу үшін оған жан-жақты дайындықпен бару керектігіне ерекше назар аударады. Ең бастысы, Президент халықаралық экономикалық кеңістіктерде Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғауға аянып қалмайтынын бірден байқатты. Бұған мысал, өзі төрағалық еткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) биылғы кезекті отырысында дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңінде өзара сауда-саттыққа қатысты кедергілердің қордаланған проблемасын жүйелі шешу қажет екенін батыл мәлімдеді. Локдаундар кезінде мұндай кедергілер едәуір көбейген. «Мұндай кедергілер сауда-экономикалық қатынастардың дамуын айтарлықтай тежеп, өсім әлеуеті мен дамуын шектейді. Қазақстан Одақтың басқа мүшелері сияқты нарықтың барлық қатысушылары үшін теңдей және кемсітпейтін жағдай қалыптастыруды қолдайтынына сенімдімін. Комиссия кедергілермен тұрақты түрде күресіп келеді. Алайда оларды тиімді деп айта алмаймыз. Бұл – ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарымен күрес» деді Қ.Тоқаев. Президент сол жиында: «Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын» дей келе, түйткілді мәселенің ашығын айтты. Тәуелсіздік тағылымы Мемлекет басшысы биылғы қаңтарда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялады. Ұлт пен мемлекеттің мүддесін көздеген, ел болып ойланатын, жұрт болып толғанатын мәселелерді айқындап берді. «Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет» дей келе, отыз жылда атқарылған істер және алдағы жылдарда жасалатын істерді рет-ретімен бағамдап берді. Тәуелсіздік тойын тек дабыра, той-думан емес, тағылымдық мәні бар оқиға ретінде атап өтуге үндеу тастады. Ең бастысы, тәу етер тәуелсіздіктің қадір-қасиетін қарапайым халықтың сезуіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл – парасатты басшының сөзі. Сайып келгенде, сындарлы сабақтастықпен өткен Қ.Тоқаевтың президенттігінің екі жылы Қазақстанды әлемге жаңа қырынан танытып, дағдарыспен күресте тұрақтылық пен ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде көрсете білді.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

--> Ұлттық диалогтың негізін қалады