Елордада балалар арасында патриоттық әндер фестивалі өтті
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/06/WhatsApp-Image-2021-06-12-at-17.38.14.jpeg)
Іс-шара өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, туған елдің тарихи және мәдени оқиғаларына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру секілді құндылықтар насихатталады.
Фестивальға этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін және музыка мектептерінің, ансамбльдердің оқушылары, сондай-ақ 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты.
Айта кетейік, іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.
-->«Бұл шара осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұнда түрлі ұлт өкілдері қатысып жатыр. Бұл конкурс көп ұлтты еліміздің бейбіт күнде, достықта өмір сүріп жатқанының тағы бір көрінісі. Мұнда әр ұлттың баласы егемендігіміздің 30 жылдығына арналған кеште ел туралы, Отан, туған жер жайлы патриоттық әндер айтады. Сол сияқты түрлі өнер иелерін көруге болады. Бүгін жас – еліміздің ертеңгі болашағы. Оларды өнер арқылы тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз», – дейді фестиваль ұйымдастырушысы Алпамыс Шаримов.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/06/WhatsApp-Image-2021-06-12-at-17.38.14.jpeg)
Іс-шара өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, туған елдің тарихи және мәдени оқиғаларына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру секілді құндылықтар насихатталады.
«Бұл конкурсқа бірінші рет келіп тұрмын. Маған бәрі ұнады», - дейді кішкентай қатысушылардың бірі Амира Молдағалиева.
Фестивальға этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін және музыка мектептерінің, ансамбльдердің оқушылары, сондай-ақ 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты.
«Бұл конкурсқа алғаш рет қатысып отырмын. Бәрі көңілімнен шықты, фестиваль көңілді өтті. Достарым да өнер көрсетті. Өзіме жаңа достар таптым», - дейді конкурсқа қатысушы София Корень.