Еркін күрестен Олимпиадада ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды
Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды: 57 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы); 65 келі: Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы); 74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО); 97 келі: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы); 125 келі: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы) Бас бапкер Әсет Серікбаевтың айтуынша, 74 және 125 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға кімдердің қатысатыны ең соңғы сәтке дейін белгісіз болған.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке 1-7 тамыз аралығында өтеді.
-->Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды: 57 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы); 65 келі: Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы); 74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО); 97 келі: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы); 125 келі: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы) Бас бапкер Әсет Серікбаевтың айтуынша, 74 және 125 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға кімдердің қатысатыны ең соңғы сәтке дейін белгісіз болған.
«Балуандарымыз Польшада өткен Вацлав Циолковский мемориалында сынға түсті. Бұл рейтингілік турнир болғандықтан, кейбір салмақтағы мәселелер осы бәсекеден соң шешіледі деген қорытындыға келдік. Біз 74 және 125 келідегі балуандарды осы жарыста бақылап, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыны Токиоға апаруды жоспарладық. Өздеріңіз де көрдіңіздер, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) турнирде үздік үштік қатарына енді. Елге келген соң бапкерлермен ақылдасып, соңғы рейтингілік турнирде жүлдеге іліккен спортшыларды құрамға қостық. Біз бәріне де мүмкіндік бердік. Олимпиаданың басталуынан бір айдан сәл ғана асатын уақыт қалды. Мақсатты түрде дайындалу үшін құрамды жарияладық. Токио ойындарына дейін екі-оқу жаттығу жиынын өткіземіз», - дейді Серікбаев.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке 1-7 тамыз аралығында өтеді.