Елорда жаңалықтары

Жаз қызығы таусылмас: «Demalys promenade» – көңіл-көтеру мекені

Demalys promenade (демалыс жағалауы) деп аталатын арбат бойы қызыққа толы. Бұл жерден іздегеніңіздің бәрін таба аласыз. Жаңа арбаттың ашылуына орай елорда әкімдігі бүгін және ертең қала тұрғындарына арнап арнайы ойын-сауық бағдарламасын әзірлеген. Қуанышты жаңалықты естіп таң атпастан жаяу жүргіншілер көшесіне жиналған халықтың қарасы қалың. Әсіресе астананың белсенді тұрғындары би алаңдарының көркін қыздырып, спортпен айналысты. Таңғы йогаға қатысып, бой сергіткен зейнеткер Күләш Қалиқызының айтуынша мұндай спорттық бастамалар әрбір адамның салауатты өмір салтын ұстанып, ұзақ жасауына жол ашады.

Арбатта таңертең үздік фитнес жаттықтырушыларының қатысуымен оқу ойындары мен спорттық мастер-кластар өтсе, кешке әлеуметтік билер болады. Зейнеткерлер үшін әр жексенбіде Үрмелі оркестрдің орындауында жаттықтырушылармен билер жоспарланған. Жаяу жүргіншілер көшесінің бойына 13 шатыр тігілген. Ақ күмбезді әр шатырдан қолөнер бұйымдары мен тұрмысқа керекті заттар, кітаптар мен кәдесыйларды сатып ала аласыз. Бір жағынан адам көп жүретін мұндай орындарда шағын бизнес өкілдерін де назардан тыс қалдырмай, оларға қолдау білдіргені көңілімізге қуаныш сыйлады. Сондай жеке кәсіпкерлердің бірі Айман Байтенова жаңа паркке алғашқылардың бірі болып, өз қолымен тоқыған қуыршақтарын орналастырыпты.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан жайлы қала мастер жобасының басты мақсаты – серуендеуге, спортпен шұғылдануға арналған орындарды ашу. Биыл барлығы 150 аула, 40 қоғамдық кеңістік орындары құрылып, абаттандырылды. Осындай жерлердің бірі – бүгін ашылған «Demalys promenade» желек жолы. Жаяу жүргіншілер аймағы тек қана демалыс күндерінде ашық болады. Жаз бойы демалыс және мереке күндері қала тұрғындарына концерттік, ойын-сауық бағдарламалары әзірленген. Көктем ҚАРҚЫН

-->

«Былтыр пандемия кезінде мен де бір ауырып тұрдым. Біз денсаулықтың қадірін көп біле бермейміз. Сарыарқаның суығында жас күнімізден жүргендіктен де шығар, бір жағы жасымыз да келген сайын буын-буынымыз ауырып жүреді. Төрт қабырғаға қамалып үйде отыра беруге болмайды. Сондықтан араласатын құрбыларыммен 4 жылдан бері йогаға қатысып жүрміз. Бүгін Әзірбайжан Мәмбетов көшесінде тегін, арнайы мастер класс өткізіледі дегенді естіп келдік. Көңіл күйіміз тамаша! Қаламыз көркейе берсін!» – деді зейнеткер.

Арбатта таңертең үздік фитнес жаттықтырушыларының қатысуымен оқу ойындары мен спорттық мастер-кластар өтсе, кешке әлеуметтік билер болады. Зейнеткерлер үшін әр жексенбіде Үрмелі оркестрдің орындауында жаттықтырушылармен билер жоспарланған. Жаяу жүргіншілер көшесінің бойына 13 шатыр тігілген. Ақ күмбезді әр шатырдан қолөнер бұйымдары мен тұрмысқа керекті заттар, кітаптар мен кәдесыйларды сатып ала аласыз. Бір жағынан адам көп жүретін мұндай орындарда шағын бизнес өкілдерін де назардан тыс қалдырмай, оларға қолдау білдіргені көңілімізге қуаныш сыйлады. Сондай жеке кәсіпкерлердің бірі Айман Байтенова жаңа паркке алғашқылардың бірі болып, өз қолымен тоқыған қуыршақтарын орналастырыпты.

«Мен декреттегі анамын. Бірақ қазір қол қусырып отыратын заман емес. Тоқуды кішкентай кезімнен білетінмін. Ал кішкентай баламен үйде отырғанда уақытым көп болғандықтан бос отырмайын деп қуыршақтар тоқып бастадым. Барлығы экологиялық таза өнімдерден жасалған. Кейін айналамдағы таныстарым, көршілерім қызығып тапсырыс беретін болды. Осылайша мен өз кәсібімді таптым. Кішкентай қолсөмкеге, кілтке тағатын қуыршақтарды тігуге жарты күнім кетсе, үлкендерін тігуге бірнеше күн жұмсаймын. Сұраныс көп. Себебі бұл сапасы жағынан да, материалы жағынан да таза өнім. Үйренемін деген балаларға үйіміздің жанындағы аула клубында тегін үйретіп жүрмін», – деді кәсіпкер ана.