«Байқоңыр» ауданында 51 аулада абаттандыру жұмыстары аяқталды
«Байқоңыр» ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. «Биылғы құрылыс маусымында «Байқоңыр» ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аудан аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталуға да жақын.Әкімдік жұмысының негізгі бағыттарының бірі - аулаларды абаттандыру болып табылады. Жалпы «Байқоңыр» ауданда 236 аула бар. Осы аулаларды абаттандырудағы басты мақсат - тұрғындар үшін жайлы демалыс орындарын жасақтау», делінген хабарламада. Бүгінгі таңда, тұрғын үй ғана емес оның ауласы да жайлы, ыңғайлы әрі пайдалы болуы тиіс. Сондықтан аулаларды абаттандырған уақытта барлық жастағы тұрғындардың талабы ескерілді. Түрлі ойын алаңдарынан бастап, футбол, стритбол алаңдары ұйымдастырылып көп функционалды жаттығу құрылғылары орнатылды. Бүгінгі күні аудандағы 51 аулада абаттандыру жұмыстары аяқталып, 2 аулада жұмыстар жалғасуда. Биылғы жоспар аясында «Жастар» мөлтек ауданының 17 ауласы абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, 22 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, биылғы жылы ауданда 11 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылады, оның 10 пайдалануға берілсе, ал бір қоғамдық кеңістікте жұмыс аяқталуға жақын.
-->«Байқоңыр» ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. «Биылғы құрылыс маусымында «Байқоңыр» ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аудан аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталуға да жақын.Әкімдік жұмысының негізгі бағыттарының бірі - аулаларды абаттандыру болып табылады. Жалпы «Байқоңыр» ауданда 236 аула бар. Осы аулаларды абаттандырудағы басты мақсат - тұрғындар үшін жайлы демалыс орындарын жасақтау», делінген хабарламада. Бүгінгі таңда, тұрғын үй ғана емес оның ауласы да жайлы, ыңғайлы әрі пайдалы болуы тиіс. Сондықтан аулаларды абаттандырған уақытта барлық жастағы тұрғындардың талабы ескерілді. Түрлі ойын алаңдарынан бастап, футбол, стритбол алаңдары ұйымдастырылып көп функционалды жаттығу құрылғылары орнатылды. Бүгінгі күні аудандағы 51 аулада абаттандыру жұмыстары аяқталып, 2 аулада жұмыстар жалғасуда. Биылғы жоспар аясында «Жастар» мөлтек ауданының 17 ауласы абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, 22 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, биылғы жылы ауданда 11 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылады, оның 10 пайдалануға берілсе, ал бір қоғамдық кеңістікте жұмыс аяқталуға жақын.