Италия Еуропа чемпионатының тарихында алғаш рет бір ойында үш гол соқты
Матчтың алғашқы таймында есеп ашылмағанмен, екінші 45 минутта итальяндар қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ойынның 53-минутында түркиялық Мерих Демирал өзінің қақпасына соғып алды. Ал 66-минутта Чиро Иммобиле басымдықты арттыра түсті. Кездесудің 79-минутында Лоренцо Инсинье мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды. Италия құрамасы жайлы қызықты фактілер:
- Италия құрамасы жеңіліссіз матчтарын 28 ойынға (23 жеңіс, 5 тең есеп) дейін ұзартты;
- Соңғы 9 ойында тек жеңіске жетіп қана қоймай өз қақпасына гол жіберген жоқ;
- Еуропа чемпионатының тарихында итальяндар алғаш рет бір матчта үш гол соқты;
- Италия Түркия өзара 14 ойын өткізді. Оның 10-ында итальяндар басым түссе, төрт ойын тең есеппен аяқталды.
Айта кетейік, Еуропа біріншілігі ойындары бүгін, 12 маусымда жалғасады. Бүгін А тобында Уэльс пен Швейцария (сағат 18:50), В тобындағы Дания мен Финляндия (сағат 21:50), Бельгия мен Ресей (сағат 00:50) құрамалары кездеседі.
-->Матчтың алғашқы таймында есеп ашылмағанмен, екінші 45 минутта итальяндар қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ойынның 53-минутында түркиялық Мерих Демирал өзінің қақпасына соғып алды. Ал 66-минутта Чиро Иммобиле басымдықты арттыра түсті. Кездесудің 79-минутында Лоренцо Инсинье мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды. Италия құрамасы жайлы қызықты фактілер: