Елорда жаңалықтары

Елордада «Жасыл Ел» қатарында 1200 адам еңбек етеді

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Жасыл Ел» қатарында 900-ден астам адам болса, уақыт өткен сайын елордалықтардың қызығушылығы да артты. Қазіргі уақытта квота 1 200 адамға дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, жобаға қатысуға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен жұмыссыз жастар тартылады. Мысалы, былтыр әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 700-ден астам адам жұмысқа орналасты. Бұған дейін жастарға берілетін жәрдемақының мөлшері 35 394 теңгені құраса, биыл жәрдемақы көлемін 10 АЕК-ке (64 мың теңге) ұлғайту жоспарланып отыр. 14-29 жас аралығындағы жастар жобада 3 санат бойынша жұмыс істейді:

  1. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 14-17 жастағы балалары.
  2. Университеттер мен колледждердің 17-22 жас аралығындағы студенттері;
  3. 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар.

Қазіргі уақытта жастар төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: Біріншісі – қалалық саябақтар, екіншісі – құрылыс алаңдары, үшіншісі – «Жасыл белдеу». Ал төртінші бағыт бойынша 14-16 жастағы кәмелетке толмағандар қаланың білім беру мекемелерін абаттандыру мен жинауға қосымша жұмылдырылды.

-->