Әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар елорда саябағында онлайн-жүгіру жарысына қатысты
Жарысқа жалпы 600-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 5-6 қыркүйекте өткен Challenge 2020 онлайн-жүгірісінің жеңімпаздары анықталды. Жарыстар Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында ұйымдастырылды, бірақ оларға арнайы қосымша арқылы әлемнің түрлі елдерінің спортшылары қатыса алды. Жарысқа жалпы 600-ден астам адам қатысты. Латвия, Ресей, Италия, Швеция, Беларусь және Қазақстанның көптеген қалаларынан кәсіби спортшылар келді. Жарыстың жеңімпазы - Ресей Федерациясының жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Алла Сидорова болды. Татьяна Нерознак – қашықтыққа жүгіруге маманданған ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы, екінші жүлделі орынға ие болды. Dmitrijs Serjogins-кәсіби спортшы, жеңіл атлетикадан Латвия құрамасының мүшесі, жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Атырау облысында Исатай станциясында далалықта 5 км жүгірген Жалғас Мұғамилинге де жүлде бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар өз жүлделерін қайырымдылық мақсатқа жұмсады. Айта кетсек, жарысты елордалық "Magic park Astana" паркінің басқарушы компаниясы, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
-->Жарысқа жалпы 600-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 5-6 қыркүйекте өткен Challenge 2020 онлайн-жүгірісінің жеңімпаздары анықталды. Жарыстар Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында ұйымдастырылды, бірақ оларға арнайы қосымша арқылы әлемнің түрлі елдерінің спортшылары қатыса алды. Жарысқа жалпы 600-ден астам адам қатысты. Латвия, Ресей, Италия, Швеция, Беларусь және Қазақстанның көптеген қалаларынан кәсіби спортшылар келді. Жарыстың жеңімпазы - Ресей Федерациясының жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Алла Сидорова болды. Татьяна Нерознак – қашықтыққа жүгіруге маманданған ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы, екінші жүлделі орынға ие болды. Dmitrijs Serjogins-кәсіби спортшы, жеңіл атлетикадан Латвия құрамасының мүшесі, жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Атырау облысында Исатай станциясында далалықта 5 км жүгірген Жалғас Мұғамилинге де жүлде бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар өз жүлделерін қайырымдылық мақсатқа жұмсады. Айта кетсек, жарысты елордалық "Magic park Astana" паркінің басқарушы компаниясы, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.