Елорда жаңалықтары

123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды

Білім және ғылым министрлігі мәліметінше, қазір 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140. 224 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тест нәтижесі жойылды. Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді тек өз күшіне сеніп, академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Сондай-ақ әрбір тестіленушінің қимыл-қозғалысы ахуалдық орталықта «бір тестіленуші – бір камера» қағидаты бойынша бақыланатынын ескертеді. ҰБТ-ға кіргізу кезінде 9 түлектің дене қызуы көтерілді. Олар ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

-->