Елорда жаңалықтары

ПИК өкілдерімен кездесу өтті

Әкімдік мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ержан Саденов ПИК және МИБ өкілдерімен онлайн режимде кездесу өткізді. Жиында ең өзекті мәселелер мен одан әрі ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары талқыланды. Конференцияға қызмет көрсететін ұйымдардың 86 өкілі қатысты. Талқылау барысында қатысушылар белгілі тұрғылықты жері жоқ, алкоголь және есірткі пайдаланатын адамдардың қоғамдық тәртіпті бұзуы секілді түйткілді мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар қосымша бейнебақылау камераларын орнату, каникул кезеңінде аулаларда балаларға түсіндіру жұмысын жүргізу үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторларды жұмылдыру, учаскелік инспекторлардың санын ұлғайту мен оларды көлікпен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Қалада 700-ден астам ПИК және МИБ бар. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғаса бермек. Учаскелік инспекторлар үй чаттарына қосылған. Олардың саны 2 мыңнан асады. Бұл бағыттағы жұмыс полицияның халықпен өзара байланысын нығайтуда табысты жүзеге асып келеді. Елордалық полиция басшысының өкімі бойынша, әрбір ПИК пен МИБ үшін учаскелік полиция қызметкерінің жұмысын бақылау мақсатында департамент аппараты және аумақтық бөлімшелердің басшылары бекітілді. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты іске асып жатыр. Осы тапсырманы орындау мақсатында ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаев 2021 жылды «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялады. Биыл елордада жұрт көп жиналатын орындарда заманауи модульдік бекеттер ашылады. Сол сияқты учаскелік полиция инспекторларының санын арттыру жоспарланып отыр. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету - біз үшін басты міндет», - деді ПД бастығы Ержан Сәденов.

-->