Елорда жаңалықтары

Жанель Кушукова ЕАЭО төңірегіндегі мәселелер туралы түсіндірді

"ЕАЭО алаңында үшінші елдердің санкцияларына жауап ретінде қандай да бір ұжымдық шараларды қолдану мәселесі пысықталған жоқ және талқыланған жоқ. Оған қоса, мұндай мәселелер Еуразиялық одақтың құзыретіне мүлдем кірмейді және күн тәртібінде де жоқ. Қазақстан Республикасы ЕАЭО құрылған сәттен бастап осы бірлестік тек экономикалық сипатқа ие деген ұстанымды ұстанады. Біз одақ шеңберіндегі өзара қарым-қатынасымызды саясаттандыруға және үшінші елдермен қарым-қатынасымызға әсер етуі мүмкін шаралар қабылдауға түбегейлі қарсымыз", - деді Ж.Кушукова.

Сонымен қатар ол ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне қарсы қолданылатын санкциялар белгілі бір дәрежеде барлық мүше мемлекеттер экономикаларының жай-күйіне әсер ететінін атап өтті.

"Біздің мемлекеттеріміздің тығыз экономикалық байланыстарын ескере отырып, қазір ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне санкциялық ықпал етуден экономикалық салдарды барынша азайтуға бағытталған ықтимал бірлескен шараларды әзірлеу мәселесі талқылануда. ЕАЭО шеңберінде санкцияларға ұжымдық жауап шаралары, экономикалық қысым шаралары немесе шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарға өзге де ықпал ету түрлері күн тәртібінде жоқ. Бұл Қазақстан Республикасының түбегейлі және өзгермейтін ұстанымы болып саналады", - деді вице-министр. 

-->