Елорда жаңалықтары

Қазақ-қырғыз сүңгуірлері бірлесіп адам құтқару дағдыларын жетілдірді

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және ХАҚҰ бас хатшысының орынбасары Андрей Кудинов шараның жабылу рәсіміне онлайн режимде қатысты. [caption id="attachment_84476" align="alignnone" width="1024"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына және қайта жарақтандырылуына жан-жақты көмек көрсеткені үшін Қарағанды облысының әкімдігіне алғыс айтты. Сүңгуірлерді оқытқан құтқару станциясы облыс әкімдігінің бастамасымен Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында салынған. Естеріңізге салсақ, 24 мамырда Балқаш көлінде басталған оқу-жаттығу 5 маусымға дейін Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының және қауіп-қатерді азайту орталығының қолдауымен өтті. Он күн бойы Қазақстан Республикасы, Ресей және Қырғыз Республикасы ТЖМ нұсқаушы-мамандары өз тәжірибелерімен және дағдыларымен бөлісті. Тренингке Қазақстан өңірлерінің жедел-құтқару жасақтарының 35 құтқарушысы қатысты. Құтқарушы-сүңгуірлердің бірінші халықаралық оқу-әдістемелік жиынының жабылуына қатысқан министр біздің республикамыз үшін бұл үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін мәлімдеді. Айта кетсек, аталған тренинг курсы Халықаралық Азаматтық қорғаныс сертификатына ие және халықаралық қоғамдастықтың сүңгуірлерін даярлау стандарттарына сәйкес келеді. Енді сертификат алған әрбір қатысушы халықаралық құтқару операцияларына қатыса алады.

-->