Елорда жаңалықтары

ҚР СІМ орынбасары АҚШ Мемлекеттік хатшылығының өкілімен келіссөз жүргізді

Сұхбаттасушылар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету келешегін, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды, COVID-19 короновирусының таралуына қарсы тұруды, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты және «С5+1» диалогы шеңберінде Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды қоса, алғандағы елдер арасындағы екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең спектрін талқылады. Тараптар ең жоғарғы және жоғары деңгейлерде байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын жеке атап өтті. А.Рахметуллин сұхбаттасын ҚР сыртқы саяси басымдықтары мен халықаралық бастамалары, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен тиімді мемлекеттік басқару және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ауқымды өзгерістер туралы хабардар етті. «Қазақстан Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды, біз өзара тиімді ынтымақтастығымызды достық пен өзара сыйластық рухында одан әрі сапалы тереңдетуге бейілділігімізді білдіреміз», - деді А.Рахметуллин әңгіме барысында.

-->