Елорда жаңалықтары

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Әкімдік мәліметінше, конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, некенің маңызын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту. Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады. Елордадағы байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, ал 2019 жылы 63 отбасы өтініш берген болатын. Конкурс екі кезеңде өтеді: аудандық және қалалық. Бірінші кезең аясында конкурсқа қатысу өтінімдерін аудандық әкімдіктердің комиссиялары қабылдайды. Материалдармен танысқаннан кейін аудандық комиссия 15-30 маусым аралығында жеңімпаздарды және қалалық кезеңге өтетін 2 отбасын анықтау үшін отырыс өткізеді. Конкурсқа өтінімдер PDF форматында mereiliotbasy2021@mail.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты +7(777)010 40 42, +7(7172)55 67 08 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар.

-->