Елорда жаңалықтары

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады

Үкіметтің мәліметінше, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес «e-Salyq-Business мобильді қосымшасын енгізу» тақырыбына арналды. Мобильді қосымша онлайн режимде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, салық есептілігін қалыптастыруға/жіберуге, салық төлеуге, хабарлама/анықтама алуға, төлемдерді басқаруға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуді, салық есептілігін толтыру және ұсынуды, кірістер мен салықтардың есебін жүргізуді автоматтандырды. Е-Salyq-Business-ті пилоттық түрде іске қосу осы жылдың шілде айына жоспарланған. Бірінші кезеңде қолданушылар саны шамамен 100 мың адамды құрайды деп күтіліп отыр. Смайылов адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын, оның ішінде салық міндеттемелерін орындауды мейілінше жеңілдету қажеттігін атап өтті. Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

-->