Елорда жаңалықтары

Елордалық дәрігерлер ауыр жарақат алған баланы өлім аузынан құтқарды

2015 жылғы қыз бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 Көпбейінді балалар ауруханасындағы жедел хирургияның жедел жәрдем бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Бала дереу аппаратқа қосылды, жамбас мүшелерінің жарақаттарына шұғыл ота жасалды. Мамандардың келісілген іс-әрекеттерінің арқасында бала аман қалды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қыркүйек айының басында елорда аумағындағы ауылдық жерлерде қайғылы оқиға орын алды. Абайсыздықта немқұрайлылық салдарынан екі баланы трактор басып кетті. Өкінішке қарай, бір бала оқиға орнында қаза болды. Екінші бала елордалық балалар ауруханасына жедел жеткізілді. Ауруханаға түскен бойда баланың жағдайы өте ауыр болғанын дәрігерлер де дәлелдеп отыр. Жедел хирургиялық көмек бөлімшенің деңгейінде науқасты хирургтар, нейрохирург, травматолог және реаниматологтар қарап шықты. Бала 10 күн жансақтау бөлімінде жатты. Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз бала жарақаттық шок жағдайында түсті. «Бала өте ауыр жағдайда, 3 дәрежелі жарақаттық шок жағдайында түсті. Мамандардың уақытылы жедел көмек көрсеткені аса маңызды болды. Бала аппаратқа қосылып, шокқа қарсы терапия жүргізілді. Шұғыл түрде ота жасау керек екені белгілі болды», - деді дәрігер. [caption id="attachment_37669" align="alignnone" width="836"] Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан[/caption] [caption id="attachment_37670" align="alignnone" width="803"] Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан[/caption] 5 жасар қыздың басынан өткен оқиға оның отбасы үшін қатты соққы болғаны сөзсіз. Кішкентай науқастың отбасы баласын өлімнен құтқарғаны үшін дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді. «Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсы. Әкесімен видео байланыс арқылы телефонмен сөйлесіп тұрады. Барлық отбасы болып дәрігерлерге мың алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз қазір аман-есен қасымызда», - дейді қыздың анасы. [caption id="attachment_37671" align="alignnone" width="746"] Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан[/caption] «Қыздың аман-есен шығуы үлкен қуаныш. Жамбас пен зәр шығару жолдары қатты зақымданған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Барлық процедураларды аяқтағаннан кейін бала үйге шығарылады», - деді хирургиялық бөлімінің басшысы Ринат Байгиреев.

-->