Елорда жаңалықтары

Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды. Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. Тимур Мұратов балалардың жағдайын біліп, біраз сұхбаттасты. «Бұл екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған», - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ләззат Айтуғанова. Жыл сайынғы акцияның мақсаты — көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.

-->