Жылыту маусымы қарсаңында ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларына рейд жүргізді
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы қарсаңында жеке тұрғын үй секторларын аралап, рейд жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Рейд барысында ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, майор Бауыржан Бейсенханов тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. «Жеке тұрғын үйлердің пештерін тексеріп, жадынамалар тапсырдық. Рейд барысында ақауы бар пештер анықталды. Халыққа айтарымыз, жылыту пештері мен жүйелерін, пештердің түтін өтетін жолдарын жиі-жиі күлден тазартып отыру керек. Пеш жанып жатқанда оны қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, пештің айналасына жанғыш заттарды қоюға, пешті қатты қыздыруға және алдына отын қалдыруға болмайды. Диаметрі 1.5 см саңлаулары бар жапқыштарды қолдану қауіп төндіреді. Ақаулары, саңлаулары, жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыздар», - деді Бауыржан Бейсенханов. Рейд барысында мамандар бір үйден пештің маңына қойылған сұйық зат мен газ баллонын анықтады. Сонымен қатар үй иелерінің назарын қабырғадағы жарықшаққа аударды.
-->Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы қарсаңында жеке тұрғын үй секторларын аралап, рейд жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Рейд барысында ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, майор Бауыржан Бейсенханов тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. «Жеке тұрғын үйлердің пештерін тексеріп, жадынамалар тапсырдық. Рейд барысында ақауы бар пештер анықталды. Халыққа айтарымыз, жылыту пештері мен жүйелерін, пештердің түтін өтетін жолдарын жиі-жиі күлден тазартып отыру керек. Пеш жанып жатқанда оны қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, пештің айналасына жанғыш заттарды қоюға, пешті қатты қыздыруға және алдына отын қалдыруға болмайды. Диаметрі 1.5 см саңлаулары бар жапқыштарды қолдану қауіп төндіреді. Ақаулары, саңлаулары, жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыздар», - деді Бауыржан Бейсенханов. Рейд барысында мамандар бір үйден пештің маңына қойылған сұйық зат мен газ баллонын анықтады. Сонымен қатар үй иелерінің назарын қабырғадағы жарықшаққа аударды.