Е.Егемберді Сарыарқа ауданының тұрғындарын Карстенстің көрмесін көруге шақырды
Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді 14 қыркүйек пен 11 қазан аралығында елордада өтіп жатқан қазіргі заманғы өнер көрмесіне барды. Бұл туралы ол Faceebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Бүгін жақында ғана қазіргі заманғы өнерсүйер қауымға есігін айқара ашқан TSE Art Destination галереясында болдым. 14 қыркүйек пен 11 қазан аралығында бұл жерде қазіргі заманғы өнер көрмесі өтіп жатыр. Бұл – голланд суретшісі Николь Карстенстің елордамыздағы тұңғыш көрмесі. Ақ-қара түсті суреттердің бірегей топтамасы. Бұл – атақты егіз мұнараларда болған қайғылы оқиға жайлы Нью-Йорктегі көркемсурет резиденциясындағы өмір дерекнамасы. Осы фотосуреттер топтамасы бүгінде уақыт құжатнамасы мен бізге тұрақты, дағдылы болып көрінетін нәрсенің, сәттің баянсыздығы тәрізді көрінеді. Мұнда суретшілердің өмірі, инсталляциямен жұмыс істеген сәттері, энергияға толы қарым-қатынасы бейнеленген", – деп жазды аудан әкімі.
-->Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді 14 қыркүйек пен 11 қазан аралығында елордада өтіп жатқан қазіргі заманғы өнер көрмесіне барды. Бұл туралы ол Faceebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.