Елорда жаңалықтары

Полицейлер дәмханада ер адамның құжаты мен ақшасын ұрлап кеткен әйелді қолға түсірді

Елордалық полицейлер дәмханада ер адамның құжаты мен ақшасын ұрлап кеткен әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тәртіп сақшыларына сілтеме жасап.   Екі өзара таныс адамдар «Кристал» дәмханасында спирттік ішімдік ішіп отырған кезде қастарына 3 әйел адам келіп бірге отыруды ұсынады. Ер адамдар келіседі және спирттік ішімдікті ішулерін әрі қарай жалғастырады. Сәлден соң ер адамның біреуі портмоне салынған кеудешесін орындықтың арқалығына іліп қояды. Әйелдердің біреуі өз кеудешесін соның үстіне іледі. Бір әйелден басқасының барлығы уақытша үстелден тұрып кеткен кезде ол өз кеудешесімен бірге бөтен адамның кеудешесін әдейі алып, дәмханадан шығып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші кеудешесін және құжаттары мен 35 мың теңге ақшасы салынған портмонесінен айырылады. Шала таныс әйел адамның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 110 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

-->