Пандемия сабақтары: Онлайн оқудың қорытындысы шығарылды
Бұл туралы «Bilim Land» компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы кеше «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Елбасы академиясы және «Bilim Land» компаниясының ұйымдастыруымен өткен онлайн педагогикалық конференцияда мәлімдеді.
Оның айтуынша, аяқталғалы жатқан оқу жылы барысында Online Mektep платформасы арқылы 315 миллион онлайн сабақ өткізілген. Сондай-ақ 100 миллионнан астам үй жұмысы тексеріліп, 2,5 миллиардқа жуық тапсырма мен жаттығу орындалған.
Осының бәрінің артында мұғалімдер мен мамандардың, соның ішінде NIS жүйесінің орасан зор еңбегі тұр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Әбділдина жаңартылған білім беру мазмұнының стандарттары мен парадигмасына сәйкес әрбір пән бойынша екі тілде цифрлық контент әзірлеу, ең бастысы, оны оқушылар үшін де, педагогтар үшін де қолжетімді және қызықты ету міндеті қойылғанын атап өтті.
Конференцияда Pearson компаниясының онлайн мектептерді дамыту жөніндегі жаһандық директоры Крис Колье өздерінің қашықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесін мысалға келтірді:
– Бүгінде бүкіл әлем бойынша оқушылардың жалпы саны жүз мыңмен өлшенетін төрт онлайн мектеп белсенді жұмыс істейді. Алайда, 20 жыл бұрын біз АҚШ-тағы екі штат пен үш жүз оқушыдан бастадық. Қазіргі уақытта біз Online Mektep-ке ұқсас жүйе бойынша жұмыс істейміз. Нәтижесінде, біздің оқушыларымыздың қорытынды тест нәтижелері ел бойынша орташа деңгейден асады, ата-аналардың қанағаттану рейтингі 95 пайызды құрайды және Айви лигасының университеттеріне түсуге өтініш берген әрбір түлек шақырту алып отыр, – деді ол.
Бұдан соң конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысып отырған мұғалімдер онлайн оқудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.