Елорда жаңалықтары

Сиязбек Далиев пара жүзуден Португалияда чемпион атанды

Жерлесіміз финалдық сында баттерфляй жүзуі бойынша 50 м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, мәреге бірінші жетті. Айта кетерлік, дәл осы қашықтық Сиязбек үшін негізгі болып табылады, 2018 жылы Джакартада өткен Азия пара ойындарында да осы стильмен алтын медаль иеленген болатын. Әзірше командада Сиязбектің жүлдесі ғана болып тұр. Португалияның Мадейра аралында өтіп жатқан жарыс 20 мамыр күні аяқталады.

-->