Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов «Шығыс» және «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын пысықтады

Алтай Көлгінов «Шығыс» және «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын пысықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін үлестік құрылыс мердігерлеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, жұмысшылар санын көбейтуді тапсырдым. Мемлекеттік бақылау күшеймесе бәсеңдемейді. Қазір құрылыс маусымын неғұрлым тиімді пайдаланып қалу керек. Күн суытқанға дейін үйлердің төбесін жауып, қасбет жұмыстарын жүргізу қажет. Қыс түскеннен соң ішкі жақ жұмыстарына көшеді. Өткен жылы жұмыс қарқынына қарай 10 сақалды құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Үлескерлері өте көп проблемалы құрылыс нысандарының бірі – «Шығыс» тобының тұрғын үй кешені. Бүгін кешкі аралау кезінде «Шығыс» тобының тұрғын үй кешенінің 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3В, 4 (1-кезек) блоктарындағы құрылыс жұмыстарымен таныстым», делінген Алтай Көлгіновтың instagram желісіндегі парақшасында. Қаржыландыру барлық блоктарға бөлінді. Барлық блоктың сметалық құжаттамасы әзірленді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді, бірінші кезекте үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Яғни үйдің іргетасы және қаңқасы мықты, қабырғасы тегіс болуы керек және т.б. Аталған үйде екінші-үшінші қайтара сатылған деректер болды. Блоктардың барлығында мердігер анықталып, біраз жұмыс жүргізілді. Мысалы, 1А және 1В блогтарында қасбет жұмыстары жүргізіліп, ішкі жұмыстары басталды, лифт пен терезелер орнатылды. 2А және 2Б блоктарында үйдің қаңқасы көтерілді, төбесі жабылуда. 3А және 3В блоктарында да қаңқа жұмыстарын аяқтау керек болған, біртіндеп ішкі жақтың жұмыстары басталып жатыр. 4А (1-кезек) блогында да құрылыс жұмыстары жүргізілу үстінде. Биыл 20 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға береміз. Бұл дегеніміз – 8 мыңға жуық үлескер өзінің пәтеріне қоныстанады деген сөз.   Сонымен қатар қала басшысы құрылысы созылып кеткен «Жағалау-3» (30-блок) кешенінде болды. «Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік. Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып қалды, жұмысшылар лифттерді орнатуға кірісіп кетті. Сол уақытта — аумақты абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Жақын арада ішкі  жұмыстары басталады. Сонымен қоса, құрылыс кешені  энергиямен тұрақты қамту көзіне (су, жарық, кәріз жүйесі үшін) жалғау жұмыстары жүруде. Бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз», деп жазды А.Көлгінов instagram-дағы парақшасында.

-->