Қазақстандық бизнес Тәжікстанда өз орнын кеңейтуде
Тәжік нарығына өз өнімдерін машина жасау, тамақ өнеркәсібі, телекоммуникация, су бұру, медициналық бұйымдар өндірісі және т. б. салаларда жұмыс істейтін 16 қазақстандық компания ұсынды.
Бүгін Душанбеде Қазақстан-Тәжік бизнес форумы басталды. Оның жұмысына Тәжікстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Республиканың Сауда-Өнеркәсіп палатасының, Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Tajinvest компаниясының және басқалардың басшылығы қатысты.
Қазақстандық делегацияны QazTrade компаниясының Бас директоры Азамат Асқарұлы басқарды.
А.Асқарұлы коронакризиске байланысты халықаралық саудадағы құлдырауға қарамастан, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы оң серпінге ие екенін атап өтті: «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2020 жылы $791,4 млн құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,7%-ға жоғары ($762,9 млн). Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 2020 жылы 6,1%-ға өсіп, $693,0 млн құрады».
«Тәжікстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел бола отырып, Қазақстанмен мұнай-химия саласында, тамақ өнеркәсібінде, машина жасауда, химия және фармацевтика саласында ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективаларына ие», - деп атап өтті Азамат Асқарұлы.
Тәжікстан нарығына QazTrade жүргізген талдауға сәйкес, тек сауда-экономикалық миссия шеңберінде ұсынылған компаниялар Тәжікстанға жеткізу көлемін шамамен $90-100 млн (үшінші елдерден ТР-ға импортты алмастыру шеңберінде) өсіре алады.
Бизнес форум аясында қазақстандық және тәжік кәсіпкерлері арасында көптеген B2B кездесулер өтті.
Келіссөздер нәтижесінде 5 құжатқа қол қойылды: қазақстандық өнімді жеткізу үшін 3 шарт және жалпы сомасы $100 млн дейінгі ынтымақтастық туралы 2 меморандум.
Миссия аясында QazTrade компаниясы басшылығының Тәжікстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері күтілуде.
ТР-дағы сауда-экономикалық миссия 21 мамырға дейін жалғасады.
-->Тәжік нарығына өз өнімдерін машина жасау, тамақ өнеркәсібі, телекоммуникация, су бұру, медициналық бұйымдар өндірісі және т. б. салаларда жұмыс істейтін 16 қазақстандық компания ұсынды.