Елорда жаңалықтары

Қазақстан Президентінің екі жылы

1. Несиесін төлей алмай жүрген тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Дәлірек айтсақ, қарызын кешіру туралы Жарлыққа қол қойылды. Соның негізінде 500 мың адамның несиесі жойылды. 2. Жерді шетелдіктерге сатпау, жалға да бермеу туралы заң қабылданды. Осы уақытқа дейін түрлі пікірге себеп болған жер мәселесі, шетелдіктерге сату мәселесі түбегейлі шешілді. Бұл қадам көптің көкейіндегі күдік-күмәнді сейілтті. Және де, бұл - мәлімдеме не үндеу емес, нақты заң. 3. Бейбіт митингтер өткізуге заң жүзінде рұқсат берілді. 4. Балаларға жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары аса ауыр санатқа жатқызылды. 5. Азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін алуға мүмкіндік жасалды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 1,3 трлн теңге халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. 6. Мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңмен 25%-ға дейін өсті. 7. Дәрігерлердің еңбекақысы орташа жалақыдан 2,5 есе артатын болды. 8. 2020 жылы пандемия басталып, коронавирус елімізді ғана емес, төрткүл дүниені қыспаққа алды. Дағдарыс жайлады. Тоқаев бірден халықтың жағдайына баса көңіл бөлді. 4,5 миллионнан астам адамға 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылды. 2 миллионға жуық адамның несие төлеу мерзімі кейінге шегеріліп, 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкердің салық жүктемесі азайтылды. Пандемия салдарын жоюға ұлттық қордан қосымша қаражат бөлінетін болды. Жалпы, Президент пәрменімен құрылған төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия 500-ге жуық маңызды шешімді іске асырды. 9. Адам қағып өлтірген мас жүргізушілер өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылатын болды. 10. Басшы қоластындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін отставкаға кететін болды. 11. Киік атқандарға жаза күшейтілді. 12. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. 13. Президенттік жастар кадрлық резерві мен Ұлттық сенім кеңесі құрылды. Мұның бәрі елдегі екі жылдағы өзгерістердің біразы ғана. Халық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімдерін жоғары бағалап отыр.

-->