Еліміздегі барлық мектептің терроризмге қарсы қорғанысы тексеріліп жатыр
Оның атап өтуінше, аталған жұмыстың нәтижесінде Үкіметке барлық білім беру ұйымдарын қажетті техникамен жабдықтау және өткізу режимін күшейту бойынша ұсыныстар топтамасы енгізіледі. «Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және балалар мәселесін басты назарда ұстайды. Бұл мәселеге қоғам болып мән беру керек», - деді Мұрат Баймұқашев.
--> «Ішкі істер министрлігі Қазандағы оқиғаға байланысты ішкі істер органдары басшыларымен шұғыл жиын өткізді. Ұлттық білім беру жүйесіндегі мекемелердегі балалар мен ересек адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қысқа ғана уақыттың ішінде білім беру органдарымен бірге бүкіл мектептің терроризмге қарсы қорғанысы зерделенетін болады. Бұл жұмысты таяу күндері аяқтаймыз», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.Оның атап өтуінше, аталған жұмыстың нәтижесінде Үкіметке барлық білім беру ұйымдарын қажетті техникамен жабдықтау және өткізу режимін күшейту бойынша ұсыныстар топтамасы енгізіледі. «Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және балалар мәселесін басты назарда ұстайды. Бұл мәселеге қоғам болып мән беру керек», - деді Мұрат Баймұқашев.