Жас сарбаздар ант берді
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оңтүстік және батыс аймақтардың бірқатар әскери бөлімінде 1400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады. Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында қарулы күштер қатары еліміздің түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдермен толықты. Әскер қатарына жаңа қабылданған жас сарбаздар бір айлық қызмет кезінде жас жауынгер курсынан өтті, қызмет өткеретін бөлімшенің тарихымен және дәстүрлерімен, сондай-ақ техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығының негіздерін үйренді. Командирлер мен өз жолдастарының алдында әскери ант беру – әр азамат үшін толқитын сәт. «Отан алдындағы борышыңа адал болуға ант беретін күн өмірде бір рет болады. Біз бұл сәтте әр сөзді анық айтып, сенімді түрде жасауға тырыстық. Әскери ант мәтініндегі сөздердің мағынасы терең», – деді Шымкент қаласының механикаландырылған бригадасына Алматы облысынан әскерге шақырылған қатардағы жауынгер Аңсар Берікбол. Салтанатты рәсімнен кейін мерзімді қызметтегі сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің элементтері бар қойылымдар көрсетті. «Жыл сайын әскери қызметке келген жастар бұрынғылардан ерекшеленеді. Сапта нағыз патриоттар тұрғаны байқалады. Оларға Отан игілігі үшін қызмет ету абыройлы іс. Бұл тәуелсіз Қазақстанда өскен, өз еліне адал қызмет етуге дайын жастар», – деп бөлісті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ораз Күшіков. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әскери ант беру рәсімдері жуырда «Астана», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарында және десанттық-шабуылдау әскерлерінде өтеді.
-->Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оңтүстік және батыс аймақтардың бірқатар әскери бөлімінде 1400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады. Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында қарулы күштер қатары еліміздің түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдермен толықты. Әскер қатарына жаңа қабылданған жас сарбаздар бір айлық қызмет кезінде жас жауынгер курсынан өтті, қызмет өткеретін бөлімшенің тарихымен және дәстүрлерімен, сондай-ақ техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығының негіздерін үйренді. Командирлер мен өз жолдастарының алдында әскери ант беру – әр азамат үшін толқитын сәт. «Отан алдындағы борышыңа адал болуға ант беретін күн өмірде бір рет болады. Біз бұл сәтте әр сөзді анық айтып, сенімді түрде жасауға тырыстық. Әскери ант мәтініндегі сөздердің мағынасы терең», – деді Шымкент қаласының механикаландырылған бригадасына Алматы облысынан әскерге шақырылған қатардағы жауынгер Аңсар Берікбол. Салтанатты рәсімнен кейін мерзімді қызметтегі сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің элементтері бар қойылымдар көрсетті. «Жыл сайын әскери қызметке келген жастар бұрынғылардан ерекшеленеді. Сапта нағыз патриоттар тұрғаны байқалады. Оларға Отан игілігі үшін қызмет ету абыройлы іс. Бұл тәуелсіз Қазақстанда өскен, өз еліне адал қызмет етуге дайын жастар», – деп бөлісті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ораз Күшіков. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әскери ант беру рәсімдері жуырда «Астана», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарында және десанттық-шабуылдау әскерлерінде өтеді.