Қазақстанда алғаш рет «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасы көрсетіледі
Қазан айында «Дон Паскуале» спектаклінің онлайн-премьерасы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанда алғаш рет 2-3 қазан күні Г.Доницеттидің атақты «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасы көрсетіледі. Спектакль «Астана Операның» Камералық залы сахнасында өтеді әрі Tengri TV-ден көрсетіледі. Операдағы іс-әрекет ХIХ ғасырдың басына ауыстырылған, бұдан не шыққанын премьера қарсаңында театрда баяндап берді. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссер – Наталья Кагадий. Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа, қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, жарық бойынша суретші – Сергей Кулак. Жоба үйлестірушісі – Маржан Жәкенова. – Біз оқиғалар желісін өткен ғасырдың оныншы жылдары – BELLE EPOQUE елең-алаң шағына ауыстырамыз. Бұл «керемет дәуір» – еуропа қоғамында әлеуметтік әрі экономикалық дағдарыс туындай бастаған нағыз аумалы-төкпелі кезең, алда Бірінші дүниежүзілік соғыс, ескі қоғам өзін-өзі жойып, құлдырауға ұшырады, алайда оның орнына тың дүние келе қоймаған сәт, анығын айтқанда, зиялы қауымның орнын алаяқтар, өзіндік ұстанымы жоқ арсыз адамдар басуға тырысқан кез еді. Моральдық, мәдени әрі әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау орын алды, - деп атап өтті сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа. – Спектакльдің безендірілуіне арқау болған ART NOUVEAU (арт-нуво) немесе модерн стилі декаданстың нәзіктігін баса көрсетіп тұр. Пішіннің талғампаздығы, материалдардың эклектикасы, түстер гаммасы сән-салтанат пен мамыражайлық ахуалын туындатады. Оқиға дон Паскуале да Корнетоға тиесілі римдік қонақ үйде орын алады. Тұтас қабырғаны алатын үлкен терезелер сахнада өз бетінше бір әлем және табиғи жаратылыс сияқты түстері мен жарығын құбылта отырып, оқиғаға әрекет етуде, ал соңғы көріністе көктемгі баққа айналады. Декорациялардың трансформациясы зәулім қонақ үйдің күнделікті өмірін іштен бақылап отырғандай әсердегі көрерменнің көз алдында өтеді. BELLE EPOQUE соңындағы костюмдер басты кейіпкерлердің әлеуметтік әрі психологиялық сипатын аша түседі. Әсіресе бас қаһарман Норинаның визуалды трансформациясы қарқынды дамиды. Дон Паскуаленің бейнесі жаңа қырынан ұсынылған. Ол күлкі тудыратын қарт емес, егде тартқан «дэнди», ақсүйек «арыстан» азамат. Оның костюмдері қатаң эдвардиан стилінде жасалған және кейіпкердің сырбаз да сымбаттылығын аша түседі. Хор мен миманс маңызды рөл атқарады, әрбір әртістің костюмі – жеке-дара мінез-құлық, индивидуум. «Дон Паскуале» бойынша жұмыс жасау маған зор қуаныш сыйлады, себебі аталмыш опера оны жан-жақты, түрлі қырынан ұсынуға мүмкіндік береді. Еркін көсіліп, шығармашылықпен айналысуға берілген мүмкіндік үшін өте қуаныштымын, – деп пікірімен бөлісті Манана Гуниа. Оның әріптесі – қойылымның көркемдік жетекшісі Алла Симонишвили бұл операның ең танымал әрі репертуарлық спектакльдердің бірі болуының бекер еместігін жеткізді. Драматургиялық жинақылығы, әрбір кейіпкердің музыкалық мінездемесімен қабыса тұрып, үлкен әзілмен өрілген құлаққа жағымды мәтін көрерменге қойылымның күйі мен ырғағына «жеңіл сіңісіп кетуіне» мүмкіндік береді.
-->Қазан айында «Дон Паскуале» спектаклінің онлайн-премьерасы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанда алғаш рет 2-3 қазан күні Г.Доницеттидің атақты «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасы көрсетіледі. Спектакль «Астана Операның» Камералық залы сахнасында өтеді әрі Tengri TV-ден көрсетіледі. Операдағы іс-әрекет ХIХ ғасырдың басына ауыстырылған, бұдан не шыққанын премьера қарсаңында театрда баяндап берді. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссер – Наталья Кагадий. Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа, қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, жарық бойынша суретші – Сергей Кулак. Жоба үйлестірушісі – Маржан Жәкенова. – Біз оқиғалар желісін өткен ғасырдың оныншы жылдары – BELLE EPOQUE елең-алаң шағына ауыстырамыз. Бұл «керемет дәуір» – еуропа қоғамында әлеуметтік әрі экономикалық дағдарыс туындай бастаған нағыз аумалы-төкпелі кезең, алда Бірінші дүниежүзілік соғыс, ескі қоғам өзін-өзі жойып, құлдырауға ұшырады, алайда оның орнына тың дүние келе қоймаған сәт, анығын айтқанда, зиялы қауымның орнын алаяқтар, өзіндік ұстанымы жоқ арсыз адамдар басуға тырысқан кез еді. Моральдық, мәдени әрі әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау орын алды, - деп атап өтті сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа. – Спектакльдің безендірілуіне арқау болған ART NOUVEAU (арт-нуво) немесе модерн стилі декаданстың нәзіктігін баса көрсетіп тұр. Пішіннің талғампаздығы, материалдардың эклектикасы, түстер гаммасы сән-салтанат пен мамыражайлық ахуалын туындатады. Оқиға дон Паскуале да Корнетоға тиесілі римдік қонақ үйде орын алады. Тұтас қабырғаны алатын үлкен терезелер сахнада өз бетінше бір әлем және табиғи жаратылыс сияқты түстері мен жарығын құбылта отырып, оқиғаға әрекет етуде, ал соңғы көріністе көктемгі баққа айналады. Декорациялардың трансформациясы зәулім қонақ үйдің күнделікті өмірін іштен бақылап отырғандай әсердегі көрерменнің көз алдында өтеді. BELLE EPOQUE соңындағы костюмдер басты кейіпкерлердің әлеуметтік әрі психологиялық сипатын аша түседі. Әсіресе бас қаһарман Норинаның визуалды трансформациясы қарқынды дамиды. Дон Паскуаленің бейнесі жаңа қырынан ұсынылған. Ол күлкі тудыратын қарт емес, егде тартқан «дэнди», ақсүйек «арыстан» азамат. Оның костюмдері қатаң эдвардиан стилінде жасалған және кейіпкердің сырбаз да сымбаттылығын аша түседі. Хор мен миманс маңызды рөл атқарады, әрбір әртістің костюмі – жеке-дара мінез-құлық, индивидуум. «Дон Паскуале» бойынша жұмыс жасау маған зор қуаныш сыйлады, себебі аталмыш опера оны жан-жақты, түрлі қырынан ұсынуға мүмкіндік береді. Еркін көсіліп, шығармашылықпен айналысуға берілген мүмкіндік үшін өте қуаныштымын, – деп пікірімен бөлісті Манана Гуниа. Оның әріптесі – қойылымның көркемдік жетекшісі Алла Симонишвили бұл операның ең танымал әрі репертуарлық спектакльдердің бірі болуының бекер еместігін жеткізді. Драматургиялық жинақылығы, әрбір кейіпкердің музыкалық мінездемесімен қабыса тұрып, үлкен әзілмен өрілген құлаққа жағымды мәтін көрерменге қойылымның күйі мен ырғағына «жеңіл сіңісіп кетуіне» мүмкіндік береді.