Елорда жаңалықтары

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалындағы қоғамдық қабылдауында «онлайн-марафон» өтті

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдауға арналған «онлайн-марафон» өтті.  Бұл туралы Елорда Инфо партияның елордалық филиалы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. «Nur Otan» партиясының елордалық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдауға арналған «онлайн-марафон» өтті.  Екі күн ішінде партияға 50-ден астам елорда тұрғындары өтініш білдірді.  Партиялық ішкі іріктеуге қатысушылар праймеризге қатысты сұрақтар қойды.  Оларға үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді. «А.Жанабаеваның жұмысқа орналасу мәселесіне көмек көрсетілді.  Ол жақын күндері елорда мектептерінің біріне сұхбатқа шақырылады. С.Қайырбекованың баласын №1 арнайы мектеп-интернатқа орналастыру мәселесін шештік.  Өтініш берген 10-ға жуық балаға кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетіледі.  Оларға 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды», деп жазды Ерлан Каналимов facebook желісіндегі парақшасында. Сонымен қатар, қала тұрғындары жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді. Келесі  онлайн қабылдау 16 қыркүйекте сәрсенбі күні өтеді.

-->