Елордада «Үркер» аула клубы ашылды
Аула клубының салтанатты ашылу рәсімінде Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов сөз сөйлеп, құттықтауын жеткізді.
[caption id="attachment_79876" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
«Құрметті тұрғындар, сіздерді аула клубының ашылуымен құттықтаймын! Бұл - Үркер тұрғын алабындағы алғашқы аула клубы. Клуб қалалық мәслихат депутаттары және белсенді тұрғындардың қолдауымен ашылды. Мен осы клуб біздің өскелең ұрпаққа жаңа хобби мен дағдыларға икемделуге көмектеседі деп сенемін», - деді аудан әкімі.
[caption id="attachment_79868" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Қайрат Қамбаров аула клубы жастардың ғана емес, қарттардың да демалыс орнына айналатынын атап өтті.
«Жастарымыздың уақытты пайдалы өткізуі үшін осындай аула клубтарын көптеп ашу керек. Осыған байланысты, қала әкімі Алтай Сейдірұлының тапсырмасымен біз 28-ші аула клубын ашып отырмыз», - деді Қайрат Қамбаров.
[caption id="attachment_79871" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
«Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, Үркер аула клубының сыйымдылығы – шамамен 300 адам. Бірақ клубтағы адамдар саны қаладағы карантин шараларына байланысты болмақ.
«Бұнда Ильинка тұрғын алабының бір бөлігіндегі тұрғындар да демала алады. Бұл жерде балалар спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін қатыса алады. Қарттарымызға да осында шахмат пен тоғызқұмалақтан турнирлер өткізуге болады», - деді Шыңғыс Тілеулин.
[caption id="attachment_79873" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
Клубта хор, экозертхана, үстел теннисі, аспаздық, тоғызқұмалақ, футбол секциялары болады. Болашақта секциялар санын 15-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.
[caption id="attachment_79874" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
[caption id="attachment_79875" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]
Аула клубы Сыпыра Жырау, 1 мекенжайында орналасқан.