Елорда жаңалықтары

Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған байқау басталды

Байқауға өтінім қабылдау 25 мамырға дейін жалғасады. Конкурсқа қатысушы жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін "Fitness Park KZ" дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес сарапшылар әзірлеген бағдарлама элементтерін пайдалана отырып әзірлейді. Әрі қарай қатысушы жұмысын әлеуметтік желілерде #fitnesspark_baikau хэштегімен жариялауы керек. «Бейне жаттығулар кешені MP4 форматында, сурет пен дыбыстың жақсы сапасымен жазылады. Музыкалық ілеспе әуенге шектеу жоқ. Бейнероликте байқауға қатысушы өзін таныстырып, қысқаша ақпарат беріп, жаттығулар кешенін көрсетуі тиіс. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелерінің, жоғары оқу орындарының дене шынықтыру оқытушылары қатыса алады», - делінген хабарламада. Конкурсты Ұлттық Дельфий комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және "Fitness Park KZ" дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін насихаттау мақсатында "World Class"фитнес клубтар желісі өткізеді.

-->