Елімізде «Абайлаңыз – балалар!» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр
«Республикадағы әрбір алтыншы ЖКО кәмелетке толмағандардың қатысуымен болады. Жыл басынан бастап осындай апаттардан 28 бала қайтыс болып, 827-сі жарақат алды. «Абайлаңыз – балалар!» ЖПІШ оқу жылының соңына және жазғы демалыстың басталуына арнайы жоспарланған, себебі статистикалық мәліметтерге сәйкес жазда балалардың қатысуымен болатын ЖКО көбейеді», делінген хабарламада. Іс-шара барысында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге полиция қызметкерлері жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО себептерін жою бойынша жүйелі шаралар әзірлеуді жоспарлап отыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді насихаттауға және балалардың жол-көлік жарақаттарының профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар жоспарланған. «Абайлаңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы апта соңына дейін жалғасады.
-->«Республикадағы әрбір алтыншы ЖКО кәмелетке толмағандардың қатысуымен болады. Жыл басынан бастап осындай апаттардан 28 бала қайтыс болып, 827-сі жарақат алды. «Абайлаңыз – балалар!» ЖПІШ оқу жылының соңына және жазғы демалыстың басталуына арнайы жоспарланған, себебі статистикалық мәліметтерге сәйкес жазда балалардың қатысуымен болатын ЖКО көбейеді», делінген хабарламада. Іс-шара барысында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге полиция қызметкерлері жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО себептерін жою бойынша жүйелі шаралар әзірлеуді жоспарлап отыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді насихаттауға және балалардың жол-көлік жарақаттарының профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар жоспарланған. «Абайлаңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы апта соңына дейін жалғасады.