Елорда жаңалықтары

Елордада «Оразаның қайырымдылық сыйлығы» атты акциясы өтті

Акция барысында мұқтаж жандарға азық-түлік және ыстық ас таратылады. 1300 қораптың 200-і елорда тұрғындарына, қалғаны еліміздің 9 ауданы мен Риддер қаласындағы өрттен жапа шеккендерге берілетін болады. «Елордада қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын табады. Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірліктерінің Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасы мен елорда әкімдігі бірлесіп бүгінгі шараны ұйымдастырып жатыр. Басты мақсатымыз – мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату», — деді Дін істері басқарма басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы «Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі қасиетті Рамазан айында тарту-таралғысын үлестіріп отыр. Біріккен Араб Әмірліктері қай кезде де көмек қолын созуға дайын. Сіздерді Рамазан айы мен келе жатқан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді аталған Елшіліктің саяси, экономикалық және медиа мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Мира Альазизи. «Әрбір мұсылман үшін 12 айдың сұлтаны - Рамазан маңызды оқиғалардың бірі. Қайырымдылық акцияға ат салысқан жандарға алғысымды білдіремін. Екі елдің арасындағы достық нығая берсін», — деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

-->