Елорда жаңалықтары

Елордада экстремизмнің алдын алу бойынша имамдар арасында семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелері зерттеу орталығының ұйымдастыруымен елорда имамдарына арналған «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша біліктілігін арттыру» семинары өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Әзірет Сұлтан» мешітіне сілтеме жасап. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Иманәлиұлы мен ҚМДБ бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков қатысты. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар үшін арнайы спикерлер шақырылып, өзекті тақырыптар бойынша бірқатар маңызды баяндамалар жасалды. Атап айтар болсақ, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Нурадинов Алмат «Теріс діни ағымдардың психологиялық арбау жолдары» жайлы айтса, ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам дініндегі теріс ағымдардың шығу тарихына» тоқталып, олардың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Семинар соңында қатысушыларға Дін мәселелерін зерттеу орталығы атынан арнайы сертификаттар табысталды.

-->