Елімізде мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Демалыс күндері Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлеріне жаңбыр жауады. Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады.
-->Демалыс күндері Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлеріне жаңбыр жауады. Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады.