Елорда жаңалықтары

Грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей,Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы жиналды. Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-Жек сарайында турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Біріккен күрес Әлемі бюросының мүшесі, Азия кеңесінің Президенті Дәулет Тұрлыханов және ҚР экс Қорғаныс Министрі, генерал полковник Сәт Тоқпақпаев қатысты. Ақтоты Рахметоллақызы спортшыларға Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. «Құрметті достар, баршаңызды Олимпиада жеңімпазы, Қазақстанның еңбек ері, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Бұл бүкіл дүниежүзі үшін айтулы оқиға. Жақсылық Әмірәліұлы қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы ғана емес, бүкіл ел ықыласына бөленген ерекше тұлға. Ол саналы ғұмырын еліне қазмет етуге арнап, туған өлкесін өркендетуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы өскелең ұрпаққа қашанда өнеге. Халқымыздың біртуар перзентінің есімін ұлықтап, еңбегін бағалау жолында бүгінгідей іс-шараның маңызы зор. Байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тілеймін»- делінген құттықтау хатта. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы қазақтың даңқты палуаны Жақсылық Үшкемпіровке арнап елордада ескерткіші ашылатынын айтып өтті. «Бүгінгі жарысқа, елордамызға келген барша қонақтарға қош келдіңіздер дейміз. Жақсылық ағамыз қазір арамызда болмаса да, есімі мәңгі жадымызда. Былтырғы жылы барша халықтың қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Жекпе-жек сарайына еліміздің біртуар ұлы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын. Биылғы жылы аталған спорт кешенінің дәл алдына ағамыздың ескерткішін қою жоспарда бар»,  —  деді Бақтияр Мәкенұлы. 2001-2003 жылы туылған жастар арасында өтіп жатқан турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ бйынша бақ сынайды. Айта кетейік, елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

-->