Елордада Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
12-13 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының фермерлері 30 тоннадан астам ет пен мың литр қымыз әкеледі. Оған екі облыстың 85 өндірушісі қатысады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Елорда тұрғындары мен қонақтарына 30 тонна сиыр мен жылқы еті, 15 тонна шұжық пен консервілер, 10 тонна балық, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 2 мың литр өсімдік майы және 2 тонна сарымай, мың литр қымыз, 5 мың литр сусын, 50 мыңға жуық жұмыртқа, 5 тонна кондитерлік өнімдер ұсынылады», – делінген хабарламада. Өңірлер Нұр-Сұлтанға жалпы сомасы 95,3 миллион теңгеге 92 тоннаға жуық өнім әкеледі.
-->12-13 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының фермерлері 30 тоннадан астам ет пен мың литр қымыз әкеледі. Оған екі облыстың 85 өндірушісі қатысады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Елорда тұрғындары мен қонақтарына 30 тонна сиыр мен жылқы еті, 15 тонна шұжық пен консервілер, 10 тонна балық, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 2 мың литр өсімдік майы және 2 тонна сарымай, мың литр қымыз, 5 мың литр сусын, 50 мыңға жуық жұмыртқа, 5 тонна кондитерлік өнімдер ұсынылады», – делінген хабарламада. Өңірлер Нұр-Сұлтанға жалпы сомасы 95,3 миллион теңгеге 92 тоннаға жуық өнім әкеледі.