Елорда жаңалықтары

«Жеңіс» жобасының еріктілері Жеңіс күніне орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтайды

  Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдауға бағытталған «Жеңіс» жобасы 6 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жылдан жылға жобаның еріктілері өз қамқоршыларына әр түрлі көмек көрсетуде: олар азық-түлік пен дәрі-дәрмек апарып береді, кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізе алады немесе ауланы тазалай алады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қауіпсіздік шаралары міндетті түрде сақталады. 600-ден астам еріктілерден тұратын волонтерлер желісі Нұр-Сұлтаннан бастап Ақсайға дейінгі 35 елді мекенде жұмыс істейді. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры іске асырады. Еріктілер қатарында компаниялар тобының қызметкерлері мен белсенді азаматтар бар. Осылайша, барлық өңірлердегі адами ресурстарды біріктіре отырып, эмоциялармен, шығармашылық идеялармен және волонтерлік тәжірибемен бөлісе отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлкен отбасы ардагерлерді қолдауға өз үлесін қосуда. Дәуренбек Ишимов бір жыл бұрын ерікті атанды және содан бері 200-ден астам рейд жүргізіп үлгерді. Жас жігіт Орал бекетінде вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы болып жұмыс істейді. «Әдетте біз көмекке аса мұқтаж ардагерлерді анықтаймыз, оларға азық-түлік себеттерімен барамыз, қажет болған жағдайда тұрмыстық техникамен қамтамасыз етеміз, аумақты және үйді тазалауға көмектесеміз. «Орал жастары» жас белсенділермен бірлесіп мереке күндері кіреберісте немесе көшеде шағын концерттер ұйымдастырамыз», - дейді волонтер. «Менің ерікті болуымның себебі - өмірде жаңа және қызықты нәрсені жасауға деген талпынысым, ал еріктілік – бұл көптеген қызықты және жаңа эмоциялар беретін бағыт. Еріктілер ештеңе талап етпей, өз ісіне кірісіп кетеді. Оларға нәтиже маңызды, көбінесе материалдық емес: адамдардың күлкісі, айналасындағылардың қуанышы, олардың алғысы», - дейді Дәуренбек Ишимов. «Жобаның мақсаты - ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты қолдау көрсету. Біздің еріктілер өз қамқорлығындағы адамдарға жыл бойы барып тұрады, оларға қандай көмек қажет екенін анықтайды. Жалғыз тұратын немесе денсаулығына және әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылады. Соңғы жылы жоба еріктілері 6 200-ден астам рейд жүргізді», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев. Оның айтуынша, 2021 жылы Қазақстан мен ТМД елдері аумағында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін жол жүруді ұсыну бойынша науқан жалғасуда. Билетті ресімдеу үшін темір жол кассаларына барып, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің куәлігін, ал тыл еңбеккерлеріне - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы белгісі бар зейнетақы куәлігін алып келу қажет. Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында еріктілер рейдтер жүргізіп, азық-түлік себеттерін ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жеткізеді. 1400 ардагер мен тыл еңбеккерлерін құттықтау жоспарланған. Кейбір аудандарда еріктілер Ұлы Отан соғысына қатысушыларға музыкалық құттықтаулар ұйымдастырады, ән шырқап, музыкалық аспаптарда ойнап ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.

-->