Елорда жаңалықтары

Елордада 118 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцина алды

Қазір елордада КВИ жұқтырған науқастарды емдейтін 16 стационар жұмыс істейді, олардың төсек сыйымдылығы – 2 264 орын. 5 мамырдағы жағдай бойынша 1 356 пациент инфекциялық стационарларда ем алуда, оның ішінде КВИ расталған — 1 235 адам, пневмониямен – 121 адам. «103 пациент реанимацияда жатыр, оның ішінде 25 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.  4 400 адам үйде ем алады. Өткен тәулікте 4500-ден астам ПТР зерттеу алынды, оның ішінде 285 — алғашқы зертханалық расталған жағдай, 76 — қайталама жағдай. Пандемия кезеңінде барлығы 1 млн 300 мыңнан астам зерттеу жүргізілді», — деді Т.Мұратов. Сонымен қатар, ол вируспен күресудің ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Бүгінде елордада 118 мыңнан астам адам вакцина салдырған. «5 мамырдағы жағдай бойынша ресейлік "Спутник-V" вакцинасының 30 мыңнан астам дозасы, отандық вакцинаның шамамен 1000 дозасы бар. "Спутник-V" вакцинасының тағы 15 мыңнан астам дозасы жеткізіледі», — деді ведомство басшысы. Ол сондай-ақ, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша егу пункттері тек МСАК мекемелерінде ғана емес, "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк" СОО-лары секілді ірі сауда орталықтарында да ашылғанын еске салды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін. «Өткен демалыс күндері біз "Биг Шанхай " сауда кешенінде және Орталық базарда вакцинация пункттерін ұйымдастырдық. Сауда орталықтарында мұндай пункттерді ұйымдастыру халық арасындағы сұранысты көрсетеді. Қазіргі уақытта сауда кешендеріндегі вакцинация пункттерінде 10 мыңнан астам адам егілді. Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, көшпелі бригадалар ұйымдастырылды, олар еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау жұмысын жалғастыруда. Түрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға дейін жетеді», — деп қорытындылады спикер.

-->