Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, аталған дода астанада орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетіні жоспарланған. Халықаралық бәсекеге Грузиядан - 26, Тәжікстаннан - 11, Қырғызстаннан - 21, Ресейден - 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады. Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылдың 2 тамызында 69 жасында дүниеден озды.
-->ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, аталған дода астанада орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетіні жоспарланған. Халықаралық бәсекеге Грузиядан - 26, Тәжікстаннан - 11, Қырғызстаннан - 21, Ресейден - 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады. Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылдың 2 тамызында 69 жасында дүниеден озды.