Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды
Ж.Құламбаева жекелей сында финалға дейін жетті. Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская – босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова – Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3. Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян – румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3. Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді. Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын – 6:3, 6:2.
-->Ж.Құламбаева жекелей сында финалға дейін жетті. Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская – босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова – Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3. Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян – румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3. Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді. Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын – 6:3, 6:2.