Елорда жаңалықтары

Елорда саябағында дін өкілдері мен діни бірлестік басшылары ағаш отырғызды

Шара жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып келді. Оның мақсаты – қоғам назарын қаланың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұлтаралық татулыққа аудару. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әкімдік және Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен шарада 100 түп ағаш отырғызылды. «Ел бірлігі күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Еліміз әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі саналады. Мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы үйлесім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасаудың дұрыс бағытын таңдап алу арқылы келді. Мұндай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлт пен ұлысты және бірнеше конфессиялы республикамыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басты рөл атқарды. Ұлттар достастығы, ел бірлігі – тәуелсіздігіміздің негізі. Бұл этносаралық келісім әр мемлекеттің діңгегі деп білемін. Елімізде осы уақытқа дейін дін саласында күрмеулі мәселе болған емес. Осылай еліміз дами берсін! Игі шара жалғасын таба берсін»,  деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Алмұханов. Көпке үлгі-өнеге көрсету мақсатында рухани көшбасшылар салауатты қоғам қалыптастыруға үн қосып, көк желекті ағаштар отырғызды. Іс-шараға Қазақстан діни бірлестіктері қауымдастығының басшылары мен өкілдері, елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. «Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз үшін үлкен маңызға ие. Қасиетті жұмада жүзге жуық ағаш отырғыздық. Игі істер Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республикамызды көгалдандыру мақсатында жүргізілуде. Осы бағытта елорданың әрбір ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Биылға жоспарымыз – қоғамдық кеңістіктерді көбейту, қала тұрғындарының тынығып, серуендеуіне барынша жағдай жасау. Қазақстан халқын ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бір шаңырақ астында бірігіп жұмыс атқара берейік. Мереке құтты болсын!», деді Бақтияр Мәкен. 2017 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен діни бірлестіктердің басшылары «Конфессияаралық келісім аллеясында» дәл осылай ағаш отырғызуды қолға алған. Еліміздің этникалық және діни сан алуандығы мемлекетіміздің, сонымен қатар қоғамның көп тармақты дамуының негізі, ал толеранттылық және бейбітшілік әрбір қазақстандық таңдайтын бірліктің бейнесіне айналды. «Ел бірлігі күні біздің елімізде ерекше атап өтіледі. Басқа елдерде 1 мамыр күнінде шерулер өтіп, халық билікке наразылығын жеткізіп жатады. Ал біздің елде бұл күн татулыққа, ынтымақтастыққа негізделген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтай отырып, барлық халықты бір тудың астында жұмылған жұдырықтай ұйыстыра білді. Осындай ұлттар достастығы, бейбітшілігіміз нығая берсін!» деді шіркеу округінің өкілі Сергий Архимандрит. Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->