Елордадағы әлеуметтік жағынан осал отбасыларына 1 000-нан астам азық-түлік себеті таратылады
Хазірет Сұлтан мешітінде әкімдік қызметкерлері мен еріктілер азық-түлік себеттерін өлшеп, орап, таратуға дайындап қойған. Сол жерден елорданың 4 ауданында тұратын мұқтаж отбасыларға тасымалдау басталды. "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" акциясы аясында біз мұқтаж, әлеуметтік осал отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды ұйымдастырдық. Бүгін қасиетті Рамазан айында біз 1000-ға жуық азық-түлік себетін таратуды бастадық. Волонтерлер тиеп, таратуға көмек көрсетіп жатыр. Азық-түлік себетіне күнбағыс майы, күріш, қант, ұн, құрма қораптары, кәмпиттер, печенье, шай, консервілер салынған. Бір қораптың салмағы шамамен 25 кг", — деді Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов. "Елордалық әкімдікке және еріктілерге көрсетіп жатқан көмек үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, арнайы келіп, қасиетті Рамазан айында осындай көмек көрсеткендеріңізге рақмет", — дейді Бақыт Смағұлова. Азық-түлік себетін алған Венера Молбаева үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Үш күн бұрын ол Алматы ауданының әкімдігінен әлеуметтік көмек сұрағанын айтты. "Үш күн бұрын мен аудан әкімдігіне қоңырау шалып, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана ретінде өтініш қалдырдым. Бүгін күтпеген жерден осындай көмек алдым, өте қуаныштымын. Азық-түлік себетінде барлық қажетті тамақ өнімдері бар. Елордалық әкімдікке, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін үлкен рақмет айтқым келеді",- деп бөлісті Венера Молбаева.
-->Хазірет Сұлтан мешітінде әкімдік қызметкерлері мен еріктілер азық-түлік себеттерін өлшеп, орап, таратуға дайындап қойған. Сол жерден елорданың 4 ауданында тұратын мұқтаж отбасыларға тасымалдау басталды. "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" акциясы аясында біз мұқтаж, әлеуметтік осал отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды ұйымдастырдық. Бүгін қасиетті Рамазан айында біз 1000-ға жуық азық-түлік себетін таратуды бастадық. Волонтерлер тиеп, таратуға көмек көрсетіп жатыр. Азық-түлік себетіне күнбағыс майы, күріш, қант, ұн, құрма қораптары, кәмпиттер, печенье, шай, консервілер салынған. Бір қораптың салмағы шамамен 25 кг", — деді Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов. "Елордалық әкімдікке және еріктілерге көрсетіп жатқан көмек үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, арнайы келіп, қасиетті Рамазан айында осындай көмек көрсеткендеріңізге рақмет", — дейді Бақыт Смағұлова. Азық-түлік себетін алған Венера Молбаева үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Үш күн бұрын ол Алматы ауданының әкімдігінен әлеуметтік көмек сұрағанын айтты. "Үш күн бұрын мен аудан әкімдігіне қоңырау шалып, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана ретінде өтініш қалдырдым. Бүгін күтпеген жерден осындай көмек алдым, өте қуаныштымын. Азық-түлік себетінде барлық қажетті тамақ өнімдері бар. Елордалық әкімдікке, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін үлкен рақмет айтқым келеді",- деп бөлісті Венера Молбаева.