Елорда жаңалықтары

«Астана Опера» театры мамыр айында көрермендерді қандай қойылымдармен қуантады?

1 мамыр сағат 18.00-де Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Махаббат пен достық үні» концертінде опера солистері мен оркестр әртістері романстар, халық әндері мен аспаптық музыканы орындайды. Қонақжай қазақ жерінде, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан ұлыстармен ұсынылған бай ұлттық музыкалық дәстүрлердің арқасында көрермендер естен кетпес керемет әсерге бөленеді. Сахна төріне Назым Сағынтай (сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор), Алтынбай Әбілдә (баритон), Парвиз Армин (бас), Любовь Ткаченко (арфа) шығады. Концертмейстерлер – Раушан Бескембирова, Меруерт Жекенова. 4 және 5 мамыр күндері сағат 19.00-де елордалық театрсүйер қауым назарына Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» комедиялық операсы ұсынылмақ. Дон Паскуаленің бас партиясын Евгений Чайников, Шыңғыс Расылхан сомдайды, Норина – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Айзада Қапонова («Құрмет» орденінің кавалері), Эрнесто – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Нарұл Тойкенов, Дәрігер Малатеста – Ержан Саипов, Расул Жармағамбетов (Абай атындағы ҚазҰАОБТ), Карлито – Ерұлан Кәмел, Руслан Совет. Спектакль «Piccolo» камералық театры жобасы аясында жүзеге асырылады. «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және мимансы, қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили, сценограф және костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа, режиссер – Еренбақ Тойкенов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин. Концертмейстерлер – Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Жанар Ахметова, Меруерт Жекенова, Жаңыл Рақымбекова. 9 мамыр сағат 15.00-де Ұлы Жеңіс күніне арналған «Естелік әрі даңқты әндер» салтанатты концерті өтеді. Бағдарламада опера солистері, хор әртістері мен оркестрдің орындауында қазақ, орыс және батыс еуропалық классиканың озық үлгілері, сонымен қатар соғыс жылдарындағы танымал әндер мен сүйікті әуендер ұсынылады. 11 мамыр сағат 19.00-де «Астана Операда» алғаш рет «Моцарт. Классика салтанаты» концертінде Вольфганг Амадей Моцарттың концерттік симфониялары театрдың аспапшы солистері мен Камералық оркестрінің орындауында шырқалады. Австриялық ұлы композитордың жауһарлары Айсұлу Байкенова (скрипка), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (альт), Алексей Косырев (флейта), Айнұр Қамалова (арфа), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамила Махпирова (гобой), Алмас Тоқпанов (кларнет), Марат Қонысбаев (валторна), Әсет Нелдібаевтың (фагот) интерпретациясында ұсынылады, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин. Бағдарламада – В.А. Моцарттың Оркестрмен бірге флейта мен арфаға арналған концерті, до мажор, Оркестрмен бірге скрипка мен альтқа арналған концерттік симфониясы, ми-бемоль мажор, Оркестрмен бірге гобой, кларнет, валторна және фаготқа арналған концерттік симфониясы, ми-бемоль мажор. 14 мамыр сағат 19:00-де Qazaq Quintet үрлемелі ағаш аспаптар квинтеті мен басқа да танымал қазақстандық музыканттар сирек орындалатын шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама – Аспаптық премьералар кешін ұсынады. Оның аясында неміс композиторларының екі ірі камералық шығармасы – веналық классик Людвиг ван Бетховеннің Кларнет, валторна, фагот, скрипка, альт, виолончель және контрабасқа арналған септеті, ми-бемоль мажор және Людвиг Тюйенің Фортепиано мен үрлемелі аспаптар квинтетіне арналған секстеті, си-бемоль мажор шырқалады. Концертке камералық орындаушылықтың тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (фортепиано), Дияр Қасенов (скрипка), Гүлнар Тілеуғабылова (альт), Бақытжан Жантұрғанов (виолончель), Анатолий Якушкин (контрабас), Владимир Ардашев (фагот) және т.б. қатысады. Qazaq Quintet құрамы: Жанар Жылтыркөзова (флейта), Лилия Әбдірахманова (гобой), Дәулет Сейдахметов (кларнет), Шернияз Назаров (фагот), Қалқаман Дүйсембаев (валторна). 15 мамыр күні сағат 18.00-де «Романс тарихы» топтамасынан «Үдере көшкен ақ бұлттар...» музыкалық кешінде М.Балакирев, М.Мусоргский, А.Бородин, Н. Римский-Корсаков, Ц.Кюидің вокалдық миниатюралары орындалады. Қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері сопрано Айгүл Ниязова мен баритон Азамат Жылтыркөзов камералық-вокалдық орындаушылық шеберліктерін паш етпек. Концертке «FORTE-TRIO» ҚР Мемлекеттік триосы қатысады: көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (фортепиано), театрдың симфониялық оркестрінің солисі Қаламқас Жұмабаева (скрипка), Мұрат Нарбеков (виолончель). 19 мамыр күні сағат 19.00-де «Астана Опера» камералық хоры, опера солистері мен оркестр әртістері қазақ композиторы, дирижер, ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің 100 жылдық мерейтойына орай «Сайра, бұлбұл» концертін ұсынады. Классиктің жарқын шығармашылық жолы Қазақстанның музыкалық мәдениетінде өшпес із қалдырды. Ол – опералар, музыкалық комедиялар, симфониялық, камералық, фортепиано мен скрипкаға арналған музыканың авторы. Кеште композитордың камералық-вокалдық музыкасы шырқалады. 23 мамыр күні сағат 15.00-де «Алақай, демалыс!» топтамасының «Өнерлі жастар тартуы» концертінде Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің, сондай-ақ биыл республика мен шетелде беделді халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған қалалық музыка мектептерінің дарынды жас оқушылары өз шығармашылығын көпшілікке ұсынады. Концерттің мазмұнды бағдарламасында классик-композиторлардың шығармалары мен балалар репертуарынан пьесалар шырқалады. 27 мамыр сағат 19.00-де Next Generation концерті өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры Еуропа мен Азияның ұлттық мектептері композиторларының хорға арналған туындыларынан бағдарлама ұсынады. Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова, солистер – Ғазиза Жүсіпбекова, Асылжан Қайыпов, Әйгерім Саясат, Индира Айтберген, Ержан Сансызбаев, Жұбаныш Зетова. 28 мамыр сағат 19.00-де «Астана Опера» оркестрінің әртістері ХХ ғасырдың ең көрнекті композиторларының бірі С.Прокофьевтің 130 жылдығына арнап «Прокофьевке тарту» камералық музыка концертін ұсынады. Театрдың Камералық залы сахнасына Әсел Жақиянова, Әнел Шәкірова (скрипкалар), Ахмет Сұлтанов (альт), Курванжан Ахатов, Рақымжан Басбаев (виолончельдер), Станислав Умаров (кларнет), Елена Сахно, Анар Камельинова (фортепиано) шығады. Мерейтойлық концерт бағдарламасына С.Прокофьевтің туындылары – Скрипка мен фортепианоға арналған № 2 соната, ре мажор, Фортепианоға арналған «Марш», «Наваждение», «Скерцо» пьесалары, Екі скрипкаға арналған соната, до мажор, Еврей тақырыптарына арналған увертюра, c-moll (секстет), «Күлбике» балетінен виолончель мен фортепианоға арналған адажио, «Үш апельсинге деген махаббат» балетінен марш енді. 30 мамыр сағат 18.00-де «Музыка құдайы қоныстанған opus...» музыкалық кеші өтпек. «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Салтанат Әбілханова «Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» концерттер топтамасын жалғастырады. Бағдарламаға ұлы неміс композиторы Л. ван Бетховеннің камералық музыка жауһарлары – Скрипка мен фортепианоға арналған №8 сонатасы, соль мажор, op. 30 №3 және Скрипка мен фортепианоға арналған №9 сонатасы, ля мажор, «Крейцерге», op. 47 енді.

-->