Елордада «NUR-SULTAN DEBATЕ CUP 2021» пікірсайыс турнирі басталды
Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі «NUR-SULTAN DEBATЕ CUP 2021» пікірсайыс турнирі басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Аталған турнир — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі жобаларының бірі.
Басты мақсат — жастар арасында бәсекеге қабілеттілікті, тұлғалық өсу мен көшбасшылық дағдыны дамыту.
Пікірсайыс ойыны мамыр-қараша аралығында жекелеген турнир ретінде өтеді.
Жобаның ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Бақдаулет Жанділдаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, ақын Серікзат Дүйсенғазин, Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, Қазақстан пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бұхарбай қатысты.
«2018 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «NUR-SULTAN DEBATЕ CUP» жоғары оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған. 2020 жылдан бері дәстүрге айналған пікірсайыс ZOOM алаңында, яғни, онлайн форматта өтзіліп жүр. Былтыр турнирге 50-ден астам фракция қатысқан болатын, биыл 16 ЖОО мен 35 орта арнаулы оқу орындарынан 600-ден астам жас қатысып, өз бақтарын сынап, шеберлігін арттырады деген үміттеміз. Жобаның басты мақсаты — жастарды тіл, өнерге баулу, шешендік өнерді дамыту, бос уақыттарын тиімді пайдалану арқылы елдің ертеңгі мақтанышына айналатын азаматтарды тәрбиелеу», — деді "Астана жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.
Пікірсайыс ойыны барысында «Коронавирус: ХХІ ғасырдың үгіті ме, әлде обасы ма?», «Біздің уақытымыздағы блогерлер», «Біздің уақытымыздағы әлеуметтік желілер», «Қазақстанның шығармашыл жастары», «Қазіргі заман тарихын кім жазады?», «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы және т.б. тақырыптар қозғалады.
«Елордаға оқуға түскелі бері дебат клубының мүшесімін. Дебат адамның ой санасын бір жүйеге келтіреді. Пікірсайыстарға қатысу арқылы уақытымды тиімді пайдалана отырып, өзімді елімнің дамуына үлес қосатын азамат ретінде тәрбиелеймін», — деді пікірсайысқа қатысушы Дәулет Оразбай.
«Дебат ойнайтын адамның ойы, шешендік өнері өзгелерден ерекше болады. Барлық қатысушыларға айтар ақылым, ойларыңызды іспен дәлелдеңіздер. «Сөзбен жеңген адам, бәйгеде аты жеңгенмен тең» дейді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген қазақтың сөзі бар. Жастардың тіл шеберлігін дамытуға «Астана жастары» мекемесі үлкен қолдау көрсетуде. Қатысушыларға сәттілік тілеймін. Біз жастарды әрқашан қолдаймыз», — деді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева.