Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» онлайн концерті өтті
Академик, өнертану ғылымының докторы, профессор А.Жұбанов өнер саласының бастауы болып, 1934 жылы әйгілі Құрманғазы оркестрін құрып, кейіннен Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Ұлттық Консерваторияны құруға ат салысып, және де сол консерваторияның ректоры болды. Міне осындай қазақ өнерінің майталманы А. Жұбановтың 115 жылдығына орай Қазақ оркестрі кең көлемде концерт ұйымдастырды.
Ахмет Жұбанов Латиф Хамидимен бірлесіп алғашқы «Абай» операсын жазған. Сонымен қатар көптеген күйші-әнші композиторларды зерттеген, «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты монографиялардың авторы.
Жалпы өнер мен мәдениеттің жанашыры болған дара тұлғаның мерейтойында А.Жұбановтың туындылары шырқалды.