Елордада «Ashyq» жобасына қатысатын мекемелер саны 200-ден асты
«Тыйым салынғанына қарамастан жұрт карантинге мән бермейді. Бұл олардың «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерге баруынан байқалды. Жоба арқылы сәуір айында үй карантинін бұзған 736 факт анықталды, оның ішінде 299 науқас және 437 байланыста болған адам бар. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасына 220 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде фитнес клубтар – 50; СПА-орталықтар – 23; бассейндер – 12; боулинг клубтар – 3; компьютерлік клубтар – 32; сауналар – 20; қоғамдық тамақтану ұйымдары – 60; кинотеатрлар мен театрлар – 11. «Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруына жол бермеу, бизнестің тоқтап қалмауына мүмкіндік жасау», - деді бас санитарлық дәрігер. Сөзін жалғай отырып, келуші QR-кодын сканерлеп, әкімшіге ұсынатынын, осы арқылы оның мәртебесі анықталатынын еске салып өтті. «Қызыл» мәртебе — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін 14 күннен соң алынып тасталады. «Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен адаммен байланыста болғанына 14 күн өткен соң «көк» түске ауысады. «Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді. «Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады. Бұл ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен күннен бастап үш күн өткен соң алынып, «көк» түске ауыстырылады. «Бұл қосымшаны пайдаланатын мекемелер санитарлық нормалардан босатылмайды. Бірақ вирус жұқтыру қаупін барынша азайтады. Егер кәсіпкерлік нысандар келушілерді үш күн бойы тіркемеген болса, жұмыс алгоритмін бұзған болып есептеледі. Мониторинг топтарының нәтижесінде бұл нысанның жұмысына тек екі аптадан кейін ғана рұқсат беріледі. Ал егер бұл әрекет тағы да қайталанса, екі ай жұмыс істеуіне тыйым салынады», - деді Сархат Бейсенова.
-->«Тыйым салынғанына қарамастан жұрт карантинге мән бермейді. Бұл олардың «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерге баруынан байқалды. Жоба арқылы сәуір айында үй карантинін бұзған 736 факт анықталды, оның ішінде 299 науқас және 437 байланыста болған адам бар. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасына 220 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде фитнес клубтар – 50; СПА-орталықтар – 23; бассейндер – 12; боулинг клубтар – 3; компьютерлік клубтар – 32; сауналар – 20; қоғамдық тамақтану ұйымдары – 60; кинотеатрлар мен театрлар – 11. «Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруына жол бермеу, бизнестің тоқтап қалмауына мүмкіндік жасау», - деді бас санитарлық дәрігер. Сөзін жалғай отырып, келуші QR-кодын сканерлеп, әкімшіге ұсынатынын, осы арқылы оның мәртебесі анықталатынын еске салып өтті. «Қызыл» мәртебе — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін 14 күннен соң алынып тасталады. «Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. Бұл мәртебе ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен адаммен байланыста болғанына 14 күн өткен соң «көк» түске ауысады. «Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді. «Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады. Бұл ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен күннен бастап үш күн өткен соң алынып, «көк» түске ауыстырылады. «Бұл қосымшаны пайдаланатын мекемелер санитарлық нормалардан босатылмайды. Бірақ вирус жұқтыру қаупін барынша азайтады. Егер кәсіпкерлік нысандар келушілерді үш күн бойы тіркемеген болса, жұмыс алгоритмін бұзған болып есептеледі. Мониторинг топтарының нәтижесінде бұл нысанның жұмысына тек екі аптадан кейін ғана рұқсат беріледі. Ал егер бұл әрекет тағы да қайталанса, екі ай жұмыс істеуіне тыйым салынады», - деді Сархат Бейсенова.